Онлайн газет



БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ CОVID-19 КАРАНТИНДІК КЕЗЕҢІ

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ДСМ  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысының талаптары

1. Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:
1) медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрмен термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;
2) мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіреберіс алдында асфальтқа таңба қойылады;
4) жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады;
5) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныптың (аудитория, кабинет) жанында, санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады;
6) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі.
2. Сабақ режімі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес  жүргізілуі керек:
1) сабақ кестесі оқытудың аралас форматын есепке ала отырып, білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмысшы оқу жоспарына сәйкес жасалады;
2) оқушыларға сабақ уақытында сыныптарда маска кимеуіне рұқсат етіледі; 
3) кабинеттік жүйе болмайды;
4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
5) дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (атмосфералық ауа температурасы -18 °С аспайтын кезде) таза ауада ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейіңгі мекемелерге № 67 бұйрығының БМСДК 14 косымшасының талаптары:
1) қызметкерлерге, балаларға / ересектерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізу;
2) білім беру іс-шараларын өткізу кезінде үй-жай ішінде қауіпсіздік шараларын сақтау (персоналдың маска режімін сақтауы (қорғаныш экрандық маскаларды немесе қорғаныш күнқағарларды пайдалану), қашықтықтан тазарту, дезинфекциялау және т. б.);
3) карантин жағдайында өзін-өзі ұстау ережелері, жадынамалар мен нұсқаулықтар туралы ақпараттық материалдарды жалпыға қолжетімді орындарға орналастыруды қамтамасыз етеді;
4) әрбір сабақтан кейін оқу үй-жайларын желдету режімінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, білім беру орталықтарының ішіндегі өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
5) дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар) термометрлерінің және азаймайтын қорының (кемінде 5 күнге) болуы);
6) ішу режімін сақтау (жеке ыдыс немесе бір рет қолданылатын стакандар);
7) персоналға арналған объектіде, балалардың қолы жетпейтін жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
8) тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендеп, санитариялық торапты аралағаннан кейін және ластанудың басқа да жағдайларында балалардың қолдарын уақтылы жуу (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу);
9) топтар үй-жайларының ауасын залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып, кейіннен күніне кемінде 3 рет желдетумен, топта балалар болмаған кезде өтпелі желдетумен жүзеге асырылады. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады;
10) есік тұтқаларын, баспалдақ марштарының сүйеніштерін, терезе төсеніштерін, құмыраларды, санитариялық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып топтарда үш рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану).
7. Топтар балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты 1 (бір) балаға 4 шаршы метр есебінен бейімделген ғимараттарда (бірлескен ойын және ұйықтайтын орындар кезінде), үлгілік балабақшаларда – ойын аймағында 1 (бір) балаға 3 шаршы метр (ұйықтайтын аймақ пен тамақтану аймағын есепке алмағанда), бірақ топта 20 баладан аспайтын есеппен сақтау шартымен құрылады.
8. Жатын үй-жайларда кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 (бір) метр сақталады.
9. Балалардың санын ескере отырып, штатта (немесе шарт бойынша) дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.
10. Ұйымдардың қызметіне карантин кезінде мынадай профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету кезінде жол беріледі:
1) медицина қызметкерлерінің мектептің барлық қызметкерлеріне күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізуі (термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру);
2) жүкті әйелдер мен объектінің 65 жастан асқан қызметкерлерін офлайн жұмысқа жіберуді шектеу.
11. Жіті респираторлық инфекциялардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы) және басқа да жұқпалы аурулардың белгілері анықталған кезде қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар үйіне оралады.
12. Балалар болмаған жағдайда 3 жұмыс күнінен артық қабылдау учаскелік педиатрдың денсаулық жағдайы туралы анықтамаларымен жүзеге асырылады.
13. Ғимаратқа кіру алдында қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
14. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.
15. Жеке ойын алаңы болмаған жағдайда (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыру) дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды көшеде (жылы уақытта) өткізуге жол берілмейді.
16. Күн сайын ас блогының үй-жайларын, ас үй ыдыстарын, жабдықтар мен мүкәммалды, балалардың ойын алаңдарының жабдықтарын дезинфекциялау жүргізіледі.
17. Объекті әкімшілігі балабақша қызметкерлерімен эпидемияға қарсы режімді сақтау мәселелері бойынша, балабақшадағы эпидемияға қарсы режімді сақтау мониторингі және кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты адамды тағайындайды.
18. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

Дариға Егембердиева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін342
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1413
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6891
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416421

Серіктестер