Онлайн газет



«АЛТЫН АЛҚАМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

Апта басында аудан әкiмi Нұржан Нұржігітов аудандағы көпбалалы аналардың бiр тобын елiмiздiң жоғарғы марапат белгiсi «Алтын алқамен» марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылғы 5 наурыздағы №531 Жарлығымен жеті және одан да көп бала өсiрiп - тәрбиелегендер қатарын тағы да алты ардақты ана толықтырды.
Алтын құрсақ аналар, сарыкемерлік Нулипар Абдулова, байзақтық Гүлнәз Кемалова мен Гульшан Кахарманова, жаңатұрмыстық Лейля Сүттібаева, мәдімарлық Балхия Тажиева, дихандық Сандуғаш Левчукті марапаттау кезінде аудан әкімі көп баланы дүниеге әкеліп, еліміздің демографиясына үлес қосқандары үшін алғысын айтып, оларға зор денсаулық пен отбасы бақытын тіледі. Сондай-ақ, Нұржан Молдиярұлы ардақты аналарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Бұл мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдауға үздіксіз қолдау көрсетудің бір ғана көрінісі. Бүгінде ауданда 600-ден астам «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері тұруда. Өткен жыл қорытындысында ауданымызда 2 654 бала дүниеге келген. Бұл жаман көрсеткіш емес. Негізі, еліміз бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, әрбір отбасына шаққанда бала саны 3,18 көрсеткішті көрсетсе, көрші Өзбекстан Республикасында бұл көрсеткіш 3,8-ді құрайды. Кез келген мемлекеттің өзін-өзі асырауы халықтың санына байланысты, - деген аудан басшысы алтын құрсақ батыр аналарға ізгі тілекке толы құттықтау сөзін арнады.
Аудан басшылығы тарапынан өздеріне көрсетілген құрметке шынайы алғыстарын білдірген аналар байзақтық Гүлнәз Кемалова мен дихандық Сандуғаш Левчук қайтарымсыз грант алу туралы өтініштерін жеткізді. Өтініштер назардан тыс қалмайтынын жеткізген аудан әкімі қайтарамсыз грант бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат бере отырып, аппарат басшысына нақты тапсырма жүктеді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 01.04.2021 10:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін357
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1428
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6906
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416436

Серіктестер