Онлайн газет



ШАХМАТТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ

Ағымдағы жылы аудан көлемінде ашылған жаңа нысанның бірі – Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені екенін оқырман қауым жақсы біледі. Аталмыш кешен ел игілігіне ұсынылғалы мұнда аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда.
Солардың бірі – үстіміздегі жылғы наурыз айының 27-29 жұлдызы аралығында спорттың шахмат түрінен жасөспірімдер арасында өткізілген Жамбыл облысының чемпионаты.
Интелектуалды спорт түріне баланатын, үш күнге созылған жарысқа 6-8-10 жас аралығы бойынша өңіріміздің барлық аймағынан мықты деп танылған тоқсанға жуық жасөспірім қатысып, чемпионатта өз бақтарын сынады.
Терең ойлау қабілетін талап ететін ойынға бала кезінен әуес 10 жасар Б. Абылайқызы жүлделі орынды еншілесе де, биылғы жеңіс оңайлықпен келген жоқ дейді.

Б.Абылайқызы, жасөспірімдер арасындағы жеңімпаз:
– Мен шахматпен бала кезімнен айналысамын. Бүгінгі чемпионатта бірінші орын алғанмен жарыс мен үшін оңайға түскен жоқ. Себебі, қарсыластарым өте күшті, мықты болды. Ең бастысы, мұндай жарыстарға әрдайым қатысып отыру керек. Өйткені, сайыстарда мықты қарсыластарыңмен сынға түсіп, өз шеберлігіңді шыңдайсың. Енді, болашақта тағы да үлкен жетістіктерге жетуге дайындаламын.
– 12-14-16-18 жастағы оқушылар мен жасөспірімдер, ағымдағы жылғы сәуір айының бірінші аптасының соңында, жоғарыда аталған жарысты жалғастыратын болады. Аталған жас ерекшелік чемпионатына да тоқсанға жуық оқушылар мен жасөспірімдер қатысуға ниетті.
Жарыстың нәтижелері толық чемпионат аяқталғанда анықталып, Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының жүлделерімен марапатталады, - дейді чемпионат ұйымдастырушылары.

Облыстық чемпионат қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес (ұлдар, қыздар)  6 жасқа дейін А.Мақсат пен А. Мықтыбек, 8 жас арасында Д.Беспай мен С.Юлдашева және 10 жаста Е. Маликтай мен Б. Абылайқызы жеңімпаз атанды.
Ойын барысында толық карантиндік нормалары сақталумен қатар ішкі істер бөлімінің инспекторларымен бірлесе қауіпсіздік шаралары  ұйымдастырылғанын айта кетейік.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 01.04.2021 10:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін339
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1410
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6888
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416418

Серіктестер