Онлайн газет



ЖҮЙЕЛІ САЯСАТ – МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты халыққа арнаған Жолдауында ел алдында тұрған басым бағыттарды атап өтті. Мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президенттің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар, өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.
Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз. Осы орайда Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму Стратегиясына және Ұлт жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруы, ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу міндеттері экономиканы көтеретініне біз сенімдіміз.
Президент шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынына нық сеніммен айтты. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл  қаржылық қолдау «Бизнестің жол картасы» аясында үш жылдың ішінде 250 млрд. теңгеге дейін қосымша қаражат бөлу туралы үкіметке берген тапсырмасы, бұл саланы дамыту – мемлекет саясатының басты бағытына айналатынын көрсетіп отыр. Бұл шаралар атап айтқанда, ең алдымен мемлекет тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.
Мемлекет басшысы: Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады.Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын.Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біз­дің күнделікті өмірлік ұстаным­дары­мыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар жә­не жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы ке­рек­тердің жолында жұмыс істеу керек»,- дейді.
Иə, Президенттің алға қойған мақсаты көп. Сондықтан халық игілігі үшін құрылған жоспарларды орындауға әрқайсымыз үлесімізді қосатын боламыз.

Назира Құлманова,
Жамбыл аудандық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін352
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1423
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6901
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416431

Серіктестер