Онлайн газет



«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақа­ласының жалғасы саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы 2 бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», екінші бөлім «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталады.
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш», – деп жазды Елбасы мақаласында.
Алғашқы бөлімде атқа міну мәдениетін, байырғы металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркіліктің түп-төркіні, Ұлы Жібек жолы тораптары, сондай-алмамыз бен қызғалдақ жайлы сөз қозғалады. Екінші бөлім: “Арxив - 2025”, Ұлы даланың ұлы есімдері, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнері және теxнологиялар музейі, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тариxтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі тақырыптарынан тұрады.
Мақалада бабаларымыздың өз зама­нында жеткен жетістіктері мен техно­логия­лық жаңалықтары жан-жақты айтылған. Сиверс алмасы мен Регель қызғалдағының тарихи Отаны Қазақ­стан екенін дәлелдейді.
“Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы” – деп жазды Елбасы мақаласында.
Өткен тарихты жетік білудің маңызы зор. Осы ретте Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы әрбір азаматтың туған жерінің тарихын біліп, құндылықтарын қастерлеу міндетін қойып отыр. Мәселен, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Байзақ ауданы аумағында төмендегі Барысхан қаласы (ХҮ-ХІХ ғғ.), Түймекент қаласы (ҮІІІ-ХІҮ ғғ.), Оххум қаласы (ХІХ-ХІІ ғғ.), Қостөбе қалашығы (VII-XII ғғ.) сынды қалашықтар қойнауына талай сырды бүгіп жатыр.
Біздер Ұлы Даланың ұрпағымыз. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт - дәстүрлеріне айрықша құрметпен қарап, оған қамқорлық таныту,  өткен тарихын білу, қасиетті жерлерін қадірлеп, мақтаныш ету парызымыз.

Аида Айтенова,
Бәйтерек ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін343
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1414
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6892
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416422

Серіктестер