Онлайн газет



“ПОРТАЛ” АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары (Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы №377 бұйрығы) негізінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және өмірлік қиын жағдайда тап болған адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету мақсатында «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Портал» ААЖ) әзірленді.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен көмек беру жүйесіне қатысушыларға интернет желісінде дәйекті және өзекті ақпараттың жалғыз көзі болады деп жоспарланған.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу:
• Әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін қысқарту;
• Қызметтер түрін және қызмет берушілерді таңдау құқығын іске асыру;
• Қызметтер берушілерді анықтау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен шығару есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту;
• Қызмет берушілер арасында адал бәсекелі ортаны қалыптастыру арқылы әлеуметтік қызметтердің сапасын көрсету;
• Шағын және орта бизнесін (санаторий-курорттық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарын берушілер) дамытуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызметтер алушылар мен берушілер (арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) оңалтудың техникалық құралдарын өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен мамандар) бірыңғай ақпараттық алаңында біріктіріп, сапалы қызметтерге бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар міндетті түрде:
— электронды-цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етулеріңіз қажет (18 жасқа толмаған мүгедек балалар ата-анасы немесе қамқоршысы атынан жеке тұлға атынан және үкіметтік емес ұйымдар мүгедектер қоғамдық бірлестіктер заңды тұлға атынан).
— арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай «Портал» ААЖ-сіне тіркелулеріңіз қажет.
Яғни, электронды-цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етулеріңіз қажет:
• арнаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етушілер;
• мамандандырылған ымдау тілі қызметін алушылар;
• жеке көмекші қызметін алушылар;
• санаторий-курорттық ем алушылар.
Сұрақтар туындаған жағдайда аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 8 (726 37) 2-17-99, 2-23-67 қызметтік телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Марлен ЖЕКСЕМБІ,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту және ардагерлер мен мүгедектер ісі секторының меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1447
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6925
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416455

Серіктестер