Онлайн газет



«КӨШЕТ» АКЦИЯСЫ

Еліміздің көптеген алыс-жақын шет елдермен байланысы нығайып, тауар айналымы, соның ішінде мәдени өсімдік дақылдарының тұқымы мен түйнектері, түрлі сәндік өсімдіктер, жасыл желектер мен көпжылдық екпе ағаштарының көшеттері елімізге көптеп келуде. Олармен бұрын республикада кездеспейтін қатерлі карантинді зиянкестер мен аурулар және арамшөп тұқымдары кездейсоқ тасымалданып, фитосанитарлық ахуалды ушықтыруы мүмкін.
Атап айтқанда, калифорниялы қалқаншалы сымыр, америка ақ көбелегі, комсток сымыры, шығыс жеміс жемірі, жұпсыз жібек көбелегі, жеміс ағашының бактериалды күйігі ауруы осы көшеттермен бірге таралады.
Негізгі міндет – республика аумағында кездеспейтін карантинді нысандарға жататын ағзалардың мәдени дақылдардың тұқымы мен көшеттік және отырғызатын материалдар мен өңделмеген азық-түлік өнімдерімен кездейсоқ әкелініп, таралып кетпеуіне жол бермеу. Сондықтан карантинді іс-шаралар тиімді жүргізілуі қажет.
Қазақстан Республикасы «Өсімдіктер карантині туралы» №344-1 Заңының 12-бабына сәйкес, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау нысандарының бірі-себу мен көшеттік отырғызылатын материалдары болып табылады. Осыған орай аудан аумағында наурыз-сәуір айларында «Көшет» акциясы жүргізіледі.
Маусымдық кезеңнің басталуымен республика аумағынан әкелінетін, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерлерде және мүдделі мемлекеттік органдардың келісімінсіз, жеке және заңды тұлғалардың сауда-саттықты жүзеге асыратын орындарда тұқымдық материалдар мен көшеттік отырғызу материалдарын  карантиндік нысандармен және бөтен текті түрлермен залалдануын, сондай-ақ көшеттік отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігіне, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы тексеру бақылау жүргізеді.
Көшеттерді сатып отырған сатушылар, көшеттің шыққан жерінен көшеттерге қажетті құжаттарын сұрап алуы керек және құжаттармен танысуға құқылы.
ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 7-және 13-баптарының талаптарына сәйкес, сырт жақтан әкелініп сатылып жатқан карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің фитосанитариялық сертификаты, мемлекет ішінде тасымалдауға арналған ауылшаруашылық өнімдерінің карантиндік нысандардан таза екенін растайтын –карантинді сертификат құжаты болу керек.
Әрбір карантинді өнімдерге берілетін фитосанитариялық және карантинді сертификат құжаты болуын естен шығармаған жөн.

Раушан ҚОНЫСБАЕВА,
ҚР АШМ АӨК МИК Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше620
mod_vvisit_counterОсы аптада1447
mod_vvisit_counterӨткен аптада4450
mod_vvisit_counterОсы айда6925
mod_vvisit_counterӨткен айда22211
mod_vvisit_counterБәрі1416455

Серіктестер