Онлайн газет



БІРЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАР...

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын үлкен тебіреніспен оқып шықтым.  Мақалада Тәуелсіздіктің 30 жылы үш онжылдыққа бөлініп, еліміздің жүріп өткен жолы нақты деректермен байланыстырылған.
«Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келеді. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден-бір кепілі», - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Халықтың қуаты бірлігінде. Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау. Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бірлігі бекем елдің, биік белестерді бағындыратынын бүгінде бәріміз білеміз. Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана», – деп ынтымақ-бірлікке үндеген. Расында да  кез келген ұлт үшін тәуелсіздіктен қымбат, бірліктен асқан бақыт жоқ. «Егемендігіміздің үштағаны – кең байтақ жеріміз, ана тіліміз және барлық қиындықтардан сүріндірмей алып келе жатқан береке - бірлігіміз. Біз осыны көздің қарашығындай сақтаймыз», - деді Президент.
Тәуелсіз еліміз – жері мен тарихы бай, шежірелі мекен. Әр мекеннің тасқа басылған тарихы бар. Жалпы ұлт болып қалыптасуымыз үшін әр өңірдің қосқан үлесі ауқымды деп ойлаймын.
Аталмыш мақалада жас мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуының үш онжылдығы сипатталынып, бәсекеге қабілетті мемлекеттің төртінші онжылдығының негізгі  мақсаттары айқындалған. Сондықтан ең бастысы - Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген толайым табыстарымыз бен жеткен жетістіктеріміздің  қадірін біліп, ел ертеңінің кемел болуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

Қайыржан Халықов,
Кеңес ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін657
mod_vvisit_counterКеше592
mod_vvisit_counterОсы аптада3655
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда8882
mod_vvisit_counterӨткен айда21298
mod_vvisit_counterБәрі1330285

Серіктестер