Заманауи адам – бұл сауатты сатып алушы. Және ол тек дәмді әрі түрліше тамақтанып қана қоймай, барынша қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерін таңдауға тырысады.Өйткені сапалы әрі қауіпсіз тамақ өнімдері денсаулық кепілі саналады. Күнделікті сатып алынатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне жете мән берудің маңызы артып келе жатқандығы сондықтан. Заттаңбалау ол тауардың заттаңбасында
немесе қаптамасында ақпараттың болуы, дайындаушы (өндіруші) сатып алушыға тауар туралы ақпараттарды ұсынуы. Бұл ретте барлық ақпараттар міндетті түрде кем дегенде екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде болуы. Таңбалаудың негізгі міндеті - тауар туралы мәліметтерді тұтынушыларға жеткізу. Таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады. Бүгінгі күні таңбалауға байланысты Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылықтар орын алуда. Азық-түлік тауарларды сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.
Асылхан Қонысов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы. |