Онлайн газет



ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ТҰҒЫРЛЫ ЕТУ - МІНДЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы әрқайсымызға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік-қай халық үшін де қастерлі. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған  егемендікке қолымыз жетті.
Тәуелсіздік жылдары Елбасының сындарлы саясатының арқасында  қазақ елі экономикасы өркендеген, халықаралық деңгейде беделі зор мемлекетке айналды. Жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті ел ретінде әлемге танылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылын үш онжылдыққа бөліп, әрқайсысында қол жеткен жетістіктерге тоқталып, алда тұрған келелі міндеттерді атап көрсетті.
-«Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Тәуелсіздік – бұл біздің халқымыздың ең басты құндылығы және байлығы. Бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Сондықтан, әрбір қазақстандық тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында тер төгіп, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту жолында еңбектенуі, халқымыз үшін қызмет етуі қажет.

Несіпкүл Байжанова,
шаруа қожалығының басшысы. Бурыл ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін700
mod_vvisit_counterКеше592
mod_vvisit_counterОсы аптада3698
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда8925
mod_vvisit_counterӨткен айда21298
mod_vvisit_counterБәрі1330328

Серіктестер