Онлайн газет



ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойған болатын.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы Заңымен еңбек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Атап айтқанда, ҚР Еңбек кодексіне жаңа ұғымдар енгізілді:
-еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек шарттарын, жұмыскерлердің еңбек қызметі мен санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
-кәсіптік тәуекел – еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбекке жарамды болуынан айырылу (не қайтыс болу) тәуекелі;
-өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар – жұмыскердің жұмыс орнында, оның iшiнде вахталық жұмыс әдісі кезінде болуы үшін қажетті, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тынығу және тамақтану үшін жағдайлармен қамтамасыз етуді қамтитын еңбек жағдайлары.
Өзгерістерге байланысты еңбек шартын жасауға, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерін, өз құзіреті шеңберінде, жазбаша түрде, сондай-ақ ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы куәландырған электрондық құжат түрінде рәсімдеуге болады. Яғни, басқаша айтқанда, еңбек шартын жасауға, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге енді электрондық форматта да, ЭЦҚ көмегімен қол қоюға болады. Бұл жөнінде «еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі» 33-баптың 1-тармағында айтылған. Алайда, қағаз жүзіндегі еңбек шартты ешкім алып тастаған жоқ.
Еңбек кодексінде «Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері» атты жаңа 20-1-бабы пайда болды. Бұдан былай Еңбек кодексі жұмыс берушілердің ерікті негізде жұмыс берушілердің бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) құруға және оларға кіруге құқық беретін баппен толықтырылды. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін еңбек саласындағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етіп, еңбек заңнамасын жетілдіріп, жеке еңбек дауларын қарау кезінде келісу комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру комиссиясының құрамында қатысатын болады.
Сондай-ақ жұмыс берушінің міндеттері кеңейтілді:
-келісім комиссиясын құру;
-еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге;
-қандай да бір кемсітусіз, жұмыскерлерге бірдей еңбек үшін бірдей ақы, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етуге міндетті.

Ансабек Назаркулов,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін640
mod_vvisit_counterКеше592
mod_vvisit_counterОсы аптада3638
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда8865
mod_vvisit_counterӨткен айда21298
mod_vvisit_counterБәрі1330268

Серіктестер