Онлайн газет



ЕҢБЕК ЖЕМІСІ - ҚҰРМЕТ

Жақында Дихан-2 ауылының тумасы, қос ағайынды Жарқынбек пен Бақытжан Жақсымбетовтер мәртебелі марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Тәуелсіздік мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Сенатының сектор меңгерушісі Жарқынбек Пәрмешұлы мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен  наградталды.
Ал, Бақытжан Пәрмешұлы еңбек жолын заң саласынан бастаған, төртінші сайланған Жамбыл облыстық мәслихатына ауданымыздан депутат болып сайланып, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне үлесін қосқан болатын.
Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып қызмет атқаратын Бақытжан  Жақсымбетовке университеттің Құрметті профессоры атағы беріліп, еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы Алтын медальмен марапатталды.
Туған өлкесінің абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен қос ағайынды азаматты мәртебелі марапатымен құттықтап, мықты денсаулық,  отбастарына құт-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз.

Редакция ұжымы.

Обновлено 30.12.2020 11:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін662
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6679
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32246
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202976

Серіктестер