Онлайн газет



ОБЛЫСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда, «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Тараз қаласы мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футболдан облыстық турнир өткізілген болатын.
Аталған спорттық жарысқа облысымыздағы 10 ауданнан және Тараз қаласынан 2 команда, барлығы 12 команда қатысты. Тартысқа толы бәсекеде біздің ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған командасы да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс қорытындысы бойынша турнирдің бас жүлдесін Сарысу ауданының командасы қанжығасына байласа, екінші орынды Тараз қаласының командасы иеленіп, жүлделі үшінші орынға Байзақ ауданының құрамасы қол жеткізді.

Нұрбек СҮГІРБЕКОВ.

Обновлено 28.12.2020 10:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1083
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7100
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32667
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203397

Серіктестер