Онлайн газет



КЕРЕҒАР ҚҰБЫЛЫСПЕН КҮРЕС

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселенің бірі болып табылады.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолына тосқауыл қою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Лаура Кужекова,
аудандық соттың жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1350
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7367
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32934
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203664

Серіктестер