Онлайн газет



МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ

Мұғалім құзыреттілігінің маңызды құрауыштарының бірі– түрлі теориялық, әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеуімен қатар, өзінің оқыту тәжірибесін жан-жақты зерделеу, талдау білігінің болуы. Қазіргі таңда мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде өзінің іс-әрекетін зерттеуі маңызды. Іс-әрекеттегі зерттеу қандай да тапсырманы орындау үшін, немесе бұйрық арқылы іске асырылатын шара емес, мұғалімнің өзіндік даму қажеттілігінен туындайтын мақсатты әрекет болуы тиіс. 
Себебі іс-әрекеттегі зерттеуді мұғалімдер өз тәжірибесінің осал тұстарын анықтау және жетілдіру үшін жүргізеді. Іс-әрекетті зерттеу бұл – әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында бақылау жасау үдерісі деуге болады.
Ферранс (2000) іс-әрекеттегі зерттеуді мынадай үш түрге бөледі:
-жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі;
-бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу;
-мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі [1, 17-18б].
Жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі – мұғалімнің жеке тәжірибесіндегі мәселесін шешуге бағытталады. Ол тек сол мұғалім үшін маңызды зерттеу болуы мүмкін. Бұл зерттеудің маңыздылығы бұл жеке мұғалімнің мәселесін шешу арқылы оқу үдерісін арттыруға ықпал етеді.
Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу – бірнеше мұғалімнің бір сынып немесе бір ортақ мәселе аясында жүргізілетін зерттеу. Мысалы, бірнеше пән мұғалімі үшін ортақ мәселе туындауы мүмкін. Осындай оқу үдерісіндегі ортақ кәсіби-әдістемелік мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізген абзал.
Мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі –бұл белгілі бір мектеп аясында барлық ұжыммен бірлесе жүргізілетін зерттеу түрі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – мектеп шеңберіндегі ортақ мәселені шешу. Ортақ мәселе оқу жылының соңында қол жеткен нәтиженің талдамасын жазуда анықталуы мүмкін немесе ағымдағы тәжірибе кезінде түрлі зерттеулер арқылы анықтауға болады.
Оқыту мен оқу үдерісі үнемі ізденісті, жаңашылдықты қажет етеді және түрлі кедергілер орын алып жатады. Сондықтан әр сабақта мұғалімнің осындай зерттеу жүргізуі мейлінше тиімді. Әрбір жүзеге асырылған педагогикалық қадамды зерттеу оқушыны тұлға ретінде жүйелі, сапалы түрде дамытуға бағытталады. Оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады.
Қазіргі заман мектебінің стратегиялық дамуын негізге алуда жас ұрпақты әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуге, өзiн-өзi дамытуға қабілетті, ниеті мен қоғам талабына сай әрекет етуге лайықты, бiлiмдi, ұлттық тiлдi, тарихты жетiк меңгерген, отандық және әлемдiк мәдениет құндылықтарын игерген, бәсекеге қабiлеттi, шығармашылығы дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыру күтіледі.

Алтынай Данаева,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1010
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3302
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10943
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262612

Серіктестер