Онлайн газет



«ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!»

Облыс әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылына жоспарлаған іс-шаралар тізбесіне сәйкес, Ақшолақ орта мектебінде «Буккроссинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» акциясы өтті. Мектеп дәліздеріне «Өзің оқы да – өзгеге ұсын», «Буккроссинг – мектепте, барлық әлемді кітапханаға айналдырайық» тақырыптарында хабарландырулар ілінді.
Book siam, яғни – «Оқуға ұсынамын» акциясы аясында келіп түскен кітаптарға жарнама жасалып, көрме ұйымдастырылды. 8 және 9 – сынып оқушылары арасында «Кітап қалай пайда болды?» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді.
Бұдан басқа, әдеби кітаптардың оқылымнан шығып қалмас үшін, кітапты талғаммен оқуға баулу, рухани мәдениетті көтеру, балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал ету мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акция аясында кітапханада «Буккроссинг» сөрелері ашылды. Мұнда оқушылардан бөлек кез келген кісі өзіне ұнаған кітапты алып қана қоймай, орнына өзінің оқыған кітабын қалдырып, өзгелермен бөлісе алады. Шара барысында мектеп кітапханасының меңгерушісі Мадина Битуреева «Буккроссинг» қозғалысы туралы ақпарат беріп, кітапхананың жұмыс бағыты мен мекен-жайы, мектеп сайттарының сілтемелері жазылған жадынамаларды таратты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Жақсығұлова «Буккроссинг деген не?» тақырыбы турасында оқушыларға ақпараттар берді. Мектеп психологы Ұлжан Сапарбаева 8-9-10-сынып оқушылармен «Кітап пен интернеттің айырмашылығы туралы» сауалнама жүргізіп, қорытынды бойынша 80 пайыз оқушы кітап оқитыны анықталды.

Асия НАҒАШЫБАЕВА,
педагог-ұйымдастырушы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1569
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3730
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20360
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272029

Серіктестер