Онлайн газет



ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА - ҚҰРМЕТ

КЕШЕ, ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІне орай ,  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.

Алдымен еліміздің Мемлекеттік Гимні орындалғаннан кейін, көпшілік назарына Тәуелсіздіктің жиырма тоғыз жылында ауданымызда  жеткен жетістіктер мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндайтын  бейнеролик ұсынылды. Бұдан кейін мінберге аудан әкімі Нұржан Нұржігітов көтеріліп, құттықтау сөз сөйледі.
-Тәуелсіздіктің арқасында 1995 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ауданымызға Байзақ батырдың есімі берілді. Даңқты батыр Ақәділ Суханбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Тәуелсіздіктен асқан қастерлі құндылық жоқ. Келесі жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Ел алдында тұрған міндет - тәуелсіздікті тұғырлы ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру. Бұл бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бейнероликтен көріп, тамашаладыңыздар.
Қостөбе және Түймекент ауылдық округтері пилоттық жобамен жұмыс жасап, 515 отбасы төменгі пайызбен несие алып,  төрт түлік малды өсіріп, баптауда. Бүгінде Қостөбе ауылында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы жоқ. Қайтарымсыз грант алып, кәсібін бастағандар қатары өсіп келеді. №3 Байзақ колледжінде «гидропоника» әдісін игеру мақсатында мемлекеттік тапсырыс негізінде 25 білімгер білім алуда. 
Әлеуметтік салада да үлкен тірліктер атқарылуда. 2021 жылы барлық 43 елдімекен көгілдір отынмен, 2024 жылы таза ауыз сумен қамтылады. 2022 жылы әлеуметтік нысандар табиғи газға  қосылады, - дей келе, Нұржан Молдиярұлы бірлік пен татулықты сақтаудың маңызына екпін салып, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, бақ-береке тіледі.
Бұдан кейін салтанатты жағдайда марапаттаулар басталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Абдан Төлепбергенов, «Халық алғысы» мерекелік медалімен Әсия Шерімова наградталды.
Облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында екінші орынға ие болған Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ноғаевқа  4 млн. теңгенің сертификаты табысталды. Бір топ азаматтар  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс және аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасы, Байзақ ауданының Құрмет грамотасы және мәслихат хатшысының Алғыс хатымен марапатталды.Сондай-ақ, бірнеше  кісі ауданның Құрметті ардагері атағына ие болды.
Жақында аудандық мәслихаттың сессиясында еңбегімен елдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан 5 адамға Байзақ ауданының Құрметті азаматы атағы берілген болатын. Осы кісілер сахна төріне шақырылды. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов пен аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов «Үштөбе» шаруа қожалығының жетекшісі, Көптерек ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермахамбетовке, зейнеткерлер Бейбіткүл Джумабаева мен Ерік Әліқұловқа, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Рыскелді Сапарбеков пен аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, суырыпсалма ақын Алтынкүл Қасымбековаға осы атақтың куәліктері мен төсбелгілерін табыс етті.
Салтанатты жиынның соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 19.12.2020 11:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1571
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3732
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20362
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272031

Серіктестер