Онлайн газет



ЕР АҚӘДІЛ

Тарих куә кім  бағалы, кім арзан.
Ерлер аз ба елдің атын шығарған.
Осалдыққа орын қалмай ортада,
Отан үшін опат болған мың арман.

Ескі күннің шертілмеді не сыры,
Шын ерлердің өшпес мәңгі есімі.
Ақәділдей алдаспандар арқасы,
Амандықта тербелсе ел бесігі.

Сақталсын деп кейінгінің нұр таңы,
Аянбапты беу, жігіттің сұлтаны.
Ертеректе қол бастаған Қосының,
Ер Ақәділ ұқсап туған ұрпағы.

О, жас ұрпақ ақиқатқа иланғын,
Көкірекке айтылмай қай сиған мың?
Естен кетпес өшпес ерлік жасалып,
Жас өмірін Суханбаев қиған күн.

Өр мінезбен  төзген небір сыз, отқа,
Ерлер ісі аңыз болмақ ұзаққа.
Қан майданда қаза тапты қайран ер,
Кеуде тосып ажал сепкен дзотқа.

Ер Ақәділ мыңға татыр бір басы,
Биікте ғой тектіліктің тым бәсі.
Белгісі боп байрағындай ерліктің,
Тас мүсін боп тұрып қалды тұлғасы.

Заңды бұл сөз “Ер есімі өшпесін”,
Елі мәңгі ұстап жүрмек есте шын.
Ақәділдің ақ ісімен мақтанып,
Ескерткішке қоялық гүл дестесін!

Қасқырбай Нарбатыр,
ақын.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін333
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1887
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16963
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268632

Серіктестер