Онлайн газет



ЕРЛІГІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Байзақ ауданы дегенде ең алдымен ел аузына түсетіні – Ұлы Отан соғысында өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен Ақәділ Суханбаевтың есімі. Небәрі 21 жасында ұрысқа аттанып, 24 жасында поляктың «Стшельцовизна» деревнясы үшін болған шайқаста оқ борап тұрған зеңбіректі кеудесімен жапқан батырды – кейінгі жастар үлгі ететіні анық.  268-ші атқыштар полкінің 2-ші ротасында командир болған А.Суханбаевқа ерен ерлігі үшін 1945 жылдың 28 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Ер есімі қашанда ел есінде. Батыр туған өлкеде Ақәділ Суханбаев ауылдық округі, көше атауы, Сарыкемер ауылындағы орталық саябаққа ескерткіш қойылған. Александр Матросовтың ерлігін қайталаған қаһарман ұлға құрмет ретінде Тараз, Алматы және Беларусьтегі Гродно қалаларында «Ақәділ Суханбаев» атымен аталатын көше бар. Ал, бүгінде батыр тұрған Қарасу ауылындағы үй мұражай ретінде ашылмақшы.
Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Даңқ» залында да Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевқа арналып панорама қойылған. Отты жылдар бейнесі көрініс тапқан панораманы келушілер ерекше қызығушылықпен тамашалайды.
16 желтоқсан - ел тарихындағы маңызы зор мейрам екені белгілі. Бұл күні барша халқымыз – Тәуелсіздік мерекесін тойлайды. Биыл сонымен қатар, дәл осы күні – Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың туғанына 100 жыл толады. Осынау айрықша күнге орай аудандық музейде «Ерлігі жастарға үлгі» тақырыбымен танымдық экскурсия ұйымдастырылды. №1 мектеп-гимназия оқушылары қатысқан іс-шарада ел басына күн туған шақта Отан үшін соңғы демі қалғанша шайқасқан хас батырдың өмірі, жастық шағы, майдан даласындағы ерлігі түсіндірілді.

Айдана Шотбасова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

Обновлено 19.12.2020 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1638
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1638
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18268
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269937

Серіктестер