Онлайн газет



ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Егемен еліміздің тарихында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының  алатын орны айрықша. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеген еліміздің басынан талай зобалаң өткізді. Азаттық үшін арпалысқан ата-бабаларымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күні ретінде арайланды.
Мерейлі мереке қарсаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Ляззат Пірімқұлова, Гүлжахан Ибраева, Талғат Маемгенов, Алимаш Мусаева, Ұлбосын Сарымбетова, Ұланбеке Сейдуалиева жастармен кездесті.
Кездесуді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ашып, тәуелсіздікті алу оңай болмағанын, ал тәуелсіздікті  тұғырлы етуде жас ұрпаққа жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын атап өтіп, жиналғандарды  алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұдан кейін  Желтоқсан оқиғасының куәгерлері  естеліктерімен бөлісіп, жастар тарапынан сұрақтарға жауап берді.
Тағылымы мол кездесу соңында қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 19.12.2020 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін619
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада619
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17249
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268918

Серіктестер