Онлайн газет



ЕР ДӘУЛЕТІ- ЕҢБЕК

2006 жылы құрылған «Алди и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен – тұрмыстық қалдықтарды қабылдау,  өңдеу және жоюмен айналысады. Жамалбек Есенқұлов басшылық ететін серіктестік республикалық «Парыз» байқауында «Экологияға қосқан үлесі» үшін номинациясын екі рет жеңіп алған-ды.
Сарыкемер ауылынан үш шақырым қашықтықта орналасқан 13 гектар аумақты алып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын полигон экологиялық талаптарға сай жабдықталған. Қоқыс қалдықтарын полигонға төгіп шығар кезде жүк көлігі дезбарьерден өткізіледі. Оның аумағында медициналық қалдықтарды өртейтін муфельный пеш және қолданыста болған құрамында сынап бар үнемдегіш (люминесценттік) шамдарды жоятын арнайы ресейлік «Экстром 2У» құрылғысы орнатылған жай бар.
12 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік қажетті техникалармен толық жабдықталған. Полигон айналасы плиталармен және арнаулы сымтікенмен қоршалып, абаттандырылған, тал-дарақтар егілген. Серіктестікпен Тараз қаласы, ауылдық округтер,  аудан аумағындағы білім ошақтары және балабақша, мекеме, ұйым басшылары келісім-шартқа тұрғандықтан, жинақталған қоқыс қалдықтары арнайы полигонға тасымалданып, жойылады.
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің негізгі бағыттары – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары, автомобильдің қалдық майлары, батареялар, майлық щеткалар, медициналық қалдықтар болып тармақталады. Мәселен, медициналық қалдықтар парализ әдісімен өте жоғары температурада күйдіріледі, сонда улы заттар жану кезінде толық ыдырап, күл болады. Есесіне атмосфераға зиянды газдар бөлінбейді.
-Тазалық – ауылдан, табалдырықтан басталады. Сондықтан тұрғындар күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, қаптарға салу мәдениетін үйренсе нұр үстіне нұр болар еді. Қоршаған ортаны қорғау- азаматтық іс екенін ұмытпайық - деді бізбен әңгімесінде серіктестік басшысы.
“Таза болса табиғат,
Аман болар Адамзат!” қағидасын ұстанған, туған өлкесінің табиғатын көркейтіп, тазалығын сақтау жолында тер төгіп жүрген Жамалбек Есенқұлов – үшінші, төртінші, бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты болып, сайлаушылар сенімін ақтаған ер. «Экология саласының үздігі» белгісінің иегері. Берекені еңбегімен тауып,  ел-жұрттың құрметіне бөленген,  ауданның Құрметті азаматы Жамалбек  Қожабекұлы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  Мемлекет басшысының Жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Марапат иесін қуанышымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасына құт-береке, ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілейміз.
АНЫҚТАМА ҮШІН: Жыл өткен сайын қоқыс көлемі тұрғындардың санына сәйкес ұлғайып келеді. 2016 жылы 7 560 тонна, 2017 жылы 8543 тонна, 2018 жылы 6477 тонна, 2019 жылы 5643 тонна қалдық жиналыпты. Биылғы жылдың тоғыз айында серіктестік жергілікті бюджетке 3,5 млн. теңге пайда келтірген.

Гүлжан Русланқызы.

Обновлено 19.12.2020 11:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін673
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада673
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17303
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268972

Серіктестер