Онлайн газет



МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР

Аудандық мемлекеттік архивтің  жоспарына  сәйкес «Электронды құжат айналымы, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі» тақырыбында онлайн семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар-сабақта Қазақстан Республикасының 07.01.2003 жылғы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» № 370-ІІ Заңы және ҚР Үкіметінің 31.10.2018 жылғы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 703 қаулысы, 19.09.2018 жылғы ҚР Үкіметінің «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысы қолданылды. Сонымен қатар, Заңның негiзгi ұғымдары, электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар, электрондық құжаттарды сақтау, қаулы бойынша істерді қалыптастыру, істерді сақтау, мемлекеттік сақтауға өткізу тәртібі айтылды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесі бойынша мекеме қызметкерлеріне логин, пароль беру тәртібі туралы функциясы түсіндірілді.
Сондай-ақ, «ҚБЭА» ақпараттық жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін мекемеде (ведомстволық архивте) ведомстволық сақтау мерзімдері 5 жылдан асқан құжаттарды ретке келтіре отырып, жай-күйін тексеріп,  мемлекеттік архивке тапсыру керектігі атап өтілді.

Эльвира Усенова,
аудандық  архивтің архивисті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1381
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7398
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32965
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203695

Серіктестер