Онлайн газет



ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өткен аптаның жұмасында “Qazaqstan dauiri” халықаралық, қоғамдық-саяси газеті, “Мөлдір бұлақ” журналының және “Ел ана” сайтының Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы ауданымызда болып, Қостөбе ауылдық клубында оқырмандармен кездесті.
Шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан тұрғындары, газет жанашырлары қатынасты.
Еркін пікір алмасу жағдайында өткен жүздесуді аудан әкімі Нұржан Нұржігітов жүргізіп отырды. Жиналғандарды қонақтармен таныстырды. Бес бағытты қамтитын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасымен Қостөбе ауылы тұрғындарының қол жеткізген жетістіктерінен мәлімет берді.
Бұдан әрмен қарай сөз алған Сәуле Мешітбайқызы “Qazaqstan dauiri” - елдің газеті екендігін, облыстарға қарасты аудандарда болғандығын айтты. Оқырмандармен кездесіп, жұртшылықтың ой-пікірін тыңдауды жөн көргендігін жеткізді. Басылымның тарихына қысқаша тоқтала келе, елдің амандығы мен тұтастығын сақтау, бірлік пен татулықтың қадірін білу, ел басына түскен сынақты сабырмен жеңу, ел, ауыл ішіндегі жақсылықты көре білу, оны  насихаттаудың  маңызын әңгімеледі. Халықтың рухын көтеруде басылымдардың алатын орны үлкен екендігін, газет адамды рухани байытатындығын атап өтті. “Qazaqstan dauiri” газетіне, «Мөлдір бұлақ» журналына жазылуға шақырды. “Мөлдір бұлақ” журналына сарыкемерлік оқушы қыздың тырнақалды туындылары жарияланғандығына екпін салып, жас журналистерді тәрбиелеудің өзектілігін айтты. Округте екі оқушының “Мөлдір бұлақ” журналын тегін алуына демеушілік жасады.
Кездесу барысында сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев, Қостөбе ауылдық округінің әкімі Дәурен Тәжібеков мағыналы кездесу үшін алғыстарын білдіріп, басылым ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.


Келелі кездесуден кейін Сәуле Мешітбайқызы пилоттық жобаның  шарапатын көріп отырған ауыл тұрғындарының отбасында болды. Атап айтқанда, жобаның 1-2 бағытымен, яғни 2,5 пайызбен 3 300 000 теңге несие алып, ауласындағы алақандай жерден екі рет өнім алған Рустам Бакуридземен,   аталған пайызбен 2500 000 теңге несиеге бірнеше бұқа, қой алып, бордақылап отырған, сондай-ақ аталған отбасы 1 бағыт бойынша кооперативтен тұқым алып, ауласына қияр егіп, табысын 4 еселеген Яшар Бешлиоглымен жүздесті. Жобаның 2 бағытымен 4 500 000 теңге несиеге жылқы малын бордақылап, ірі қарадан сүт өндіріп отырған, орташа табысы 255 000 мың теңгені құраған Гүлнар Крикбаева және 5 бағытпен ауласындағы 10 сотық жерге жылыжай орнатып, еккен қиярдан екі рет өнім алған Толқын Төлеулиеваның жолдасымен  бетпе-бет жүздесіп, еткен еңбектің жемісін көзбен көрді. Сондай-ақ, «Қостөбе-2019» кооперативінің тыныс-тіршілігімен танысып, округте атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталғандығына ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.11.2020 11:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін600
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада600
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39601
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246987

Серіктестер