Онлайн газет



ТЕҢГЕНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІНДЕ

Осыдан тура 27 жыл бұрын елімізде бірінші рет ұлттық валюта айналымға жіберіліп, содан бері 15 қараша Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді.


1993 жылы қарашаның 15-і күні ұлттық валюта – теңге қаржы нарығында айналымға енді. Теңгенің енгізілген сәті – Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең айқын парақтардың бірі және бұл тарихи шешуші оқиғаның еліміздің бүгіні мен болашағы үшін бағасы зор екендігі баршаға мәлім. Осы маңызды датаға орай, апта басында аудан әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар қаржы саласының қызметкерлерімен қабылдау өткізді.
Емен – жарқын өткен кездесуде аудан басшысы: «Баршаңызды ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлер күнімен  құттықтаймын. 27 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен бекітілген ұлттық теңгеміз бүкіл әлемге танылып отыр. Ел арасында да, алып - сату мәселесі әрқашанда осы теңге арқылы жүзеге асуда. Ұлттық валютамыздың құнын арттырып, тиыннан теңге құрап жүрген барша қаржыгерлерге зор алғысымды білдіремін», - дей келе, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.
Кездесу соңында аталмыш мерекеге орай,  ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан қомақты үлестері үшін Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрзат Егисинов, Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Мақсат Тельгозиев, «Халық банк» АҚ – ы аудандық бөлімшесінің басшысы Фархат Бидаулетов, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншік жөніндегі сектор меңгерушісі Майра Нұрекеева, Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы есептеу, талдау және жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Шарипа Асанова, «Халық банк» АҚ–ы аудандық бөлімшесінің бас менеджері Назира Қалтаева, аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы - бас қазынашысы Роза Бектенбекова аудан әкімінің Грамотасымен және «Құлан Дән» несие серіктестігі басқармасының Байзақ ауданы бойынша өкілдігінің директоры Ринат Баушенов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 18.11.2020 11:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін209
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9607
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39210
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246596

Серіктестер