Онлайн газет



АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАР

Атам қазақ құрсағынан көп бала өрбіткен аналарды осылай «Алтын құрсақ» атаған екен. Бүгінде дәл бұрынғыдай он үш, он бес бала тәрбиелеп, өсірген ата - ана сирек екені белгілі. Дегенмен, елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға мемлекет тарапынан жасалған іргелі шаралардың арқасында қатарымыз көбейіп жатқаны көңіл қуантады.
Өткен жұмада «Алтын алқа» иегері атанған көп балалы аналарды аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қабылдады.
- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Бұл мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларды қолдауға үздіксіз қолдау көрсетудің бір ғана көрінісі. Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға арнайы жәрдемақы төленіп жатыр. Сонымен қатар, балаларға мемлекеттік әлеуметтік пакеттер беріле бастады. Алдағы уақытта бұл қолдау түрлері жалғасын табатын болады, - деген Дәуір Рысбайұлы батыр аналарға ізгі тілекке толы құттықтау сөзін арнады.
Ал, марапатталған бурылдық және ботамойнақтық аналар, «Алтын алқа» иегерлері Меруерт Сыйхымбаева мен Дурия Орынбекова әйел азаматшаларға көрсетіліп жатқан құрмет пен жасалған қамқорлыққа алғыстарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 18.11.2020 11:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін755
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада755
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39756
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247142

Серіктестер