Онлайн газет



КАНАЛДАР ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

Кезінде Одақтың Жоғарғы Кеңесіне өңірде алғашқы болып ортасынан депутат сайлап берген Диқан ауылдық округінде 287 шаруа қожалық пен 13 жеке кәсіпкерлігі дихан бабаның жолын қуып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді мақсат тұтуда.
Олар өсірген қант қызылшасы, көкөніс, тағы басқа да өнімдер тек тіршіліктің көзі болып қана қоймай, бюджет қазынасын толықтырып, өңір экономикасын дамытуда. Округте «Жеті төбе» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі – 135 гектар жерге қант қызылшасын егіп, өнім жинауда. «Қанай» шаруа қожалығы 700 бас қой, 85 бас ешкіні көбейтуде. Одан басқа, «Есіл», «Бүрлібай», «Балқаймақ» сынды шаруа қожалықтары болашаққа батыл қадам тастап, нәтижелі істермен көзге түсуде.
Ауылдық округ Диқан, Жеңіс, Аймантөбе және Саяжай елді мекендерінен құралған. Бұл елді мекендерде жалпы 601 аулада 3 183 адам тұрады. Жер көлемі – 9184,2 гектарды құраса, оның – 1926,8 гектары жайылым,  6514,7 гектары – егістік жер. Жер-ананың бауырын еміп, егіс егіп, тіршілік кешкен мекенде 2 орта, 1 негізгі мектеп, 1 балалар бақшасы және 2 шағын орталық ауыл тұрғындарының балаларын біліммен сусындатуда. Бір дәрігерлік амбулатория, екі ФАП халықтың денсаулығын күзетуде. Бір мәдениет үйі, ауылдық клуб тұрғындарға рухани азық сыйлауда. Жамағатты имандылыққа ұйытатын 2 мешіт, Жеңіс ауылында имандылық ордасы салынуда.
Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға 58319,0 мың теңге бөлініп, оның 7394,6 мың теңгесіне ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын «Диқан»,  ұзындығы 6,0 шақырым «Күнту-2», ұзындығы 15,0 шақырым «Жеңіс» каналдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Аймантөбе ауылындағы Берікқара (0,850 км) және Жуасбай (0,5 км), Диқан ауылындағы Қадырбек (1,1 км) көшелері орта жөндеуден өтті. Оған 44095,2 мың теңге жұмсалды.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы облыстық бюджеттен бөлінген 12025,0 мың теңгеге Диқан ауылындағы Сүгірбай көшесінің  0,875 шақырымы орта жөндеуден өткізілді.
Округке қарасты “Денсаулық” саяжайы массивінде көше жарығын жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2880,0 мың теңге бөлініп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы құрбандарының ескерткішін абаттандыруға, Аймантөбе ауылындағы Ұлы Отан соғысына арналған монументке ағымдағы жөндеу жұмыстарына  490,0 мың теңге бөлініп, ескерткіштер қайтадан жаңартылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында Диқан ауылындағы шағын футбол алаңшасының абаттандыру жұмыстарына 2544,6 мың теңге қаражат бөлініп, мердігер «Ару» ЖК-і атқарды.
Үстіміздегі жылы Аймантөбе ауылындағы 10 гектар тұрғын үй алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына 42556,0 мың теңге, табиғи газбен жабдықтауға  26016,0 мың теңге, электр желілерін жүргізу жұмыстарына 30066,0 мың теңге жұмсалды. Аталған жұмыстарға 16 азамат тартылды. Диқан ауылындағы ауыз сумен жабдықтау желісіне және скважинаға техникалық қызмет көрсету жұмыстарына 18000,0 мың теңге бөлініп, бұл жұмысқа 3 азамат, Мәдениет үйі ғимаратының жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 304,0 мың теңге бөлініп,  1 азамат жұмыспен қамтылды.
«ММ7» шаруа қожалығына қуаттылығы 10 кВ электр трансформаторын орнату және электр желілерін жүргізу жұмыстарына  4 047,0 мың теңге, “Денсаулық” саяжайы орналасқан Талас өзенінің жағалауын нығайту және табанын тазарту жұмыстарына 43500,0 мың теңге қаражат жұмсалып, 8 азамат  жолдама арқылы жұмыспен қамтылды. Елді мекен аумағындағы ұсақ малдарды  тоғытуға арналған арнайы орын салуға  9 620,0 мың теңге бөлініп, 2 азамат жолдамамен қамтылды. Мұнымен бірге, Диқан ауылындағы «Жас шаңырақ»  тұрғын үй массивіне шағал жол салуға 2130,0 мың теңге қарастырылып, тиісті тірліктер атқарылды. «Еркетай» балабақшасына модульдік қазандық орнатуға 15800,0 мың теңге қаражат бөлініп, жылу жүйесі іске қосылуда.
Шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы артып келеді. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар кәсіп бастаймын деушілерге мол мүмкіндіктер беріп, қолдау көрсетуде. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы аясында 25 азамат  жалпы 13750,0 мың теңге қайтарымсыз грант алып, ірі қара және қой-ешкі асырап, өз-өздерін жұмыспен қамтып отыр. Бұдан басқа, Жастар практикасымен бір жас маман Диқан ауылдық округ әкімшілігіне жұмысқа  орналасса, ақылы қоғамдық жұмыстарына 31 адам тартылды.
Ауыл еріктілері мен жастардың да атқарып жатқан қайырымды істері аз емес. Оның дәлелі – халықтың мәрттігі мен ауызбіршілігін айқындайтын «Асарлату» дәстүрі қайта жанданып, округ жастарының бастамасымен Диқан ауылының тұрғыны, көп балалы Тимур Эркесариевке жаңа тұрғын үйді салу қолға алынды. Бүгінгі күнде жомарт жандардың демеушілігімен құрылыс жұмыстарына қажетті заттар алынып, қабырғасы өрілуде.
Елді мекендерді газбен қамту-басты міндет. Округтегі тұрмыс жағдайы төмен 3 отбасына Диқан ауылының ерікті жастарының демеушілігімен  жеңілдетілген бағамен көгілдір отын кіргізілді.
COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарда жұқпалы  дерттен қорғану шараларын насихаттайтын билбордтар ілінді. Арнайы құрылған мобильдік топ мүшелері халық арасында карантин шараларын қатаң сақтау, бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, жалпы санитарлық талаптарды ұстану қағидаларын түсіндіріп, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Мұнан бөлек, округтегі кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарға күніне екі рет залалсыздандыру шаралары жүргізіліп тұрады.

Жеңісай Ермекова,
Диқан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Обновлено 18.11.2020 11:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін333
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада333
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39334
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246720

Серіктестер