Онлайн газет



ЖАҢА МЕШІТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өткен аптаның жұмасында Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Базарбай ауылында кәсіпкер Нәби Агалиевтің демеушілігімен, ауыл тұрғындарының қолдауымен жаңа мешіт ел игілігіне берілді.
Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, жергілікті жамағатты осынау қуаныштарымен құттықтады. Мешіт салу - сауапты іс екендігін, «Кімде-кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Аллаһ Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,- деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіне сүйене отырып, сауапты іс жасаймын деген азамат қайырлы істі атақ пен абырой алу үшін емес, Жаратушының разылығын алуды мақсат ететіндігін баса айтты. Қасиетті жұма күні есігін айқара ашқан имандылық үйі - ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтауға, жастарды тәрбиелейтін рухани орда екендігін шешен тілмен жеткізді. Ауыл халқына осындай сый жасаған мәрт азамат пен игілікті істі қолдағандарға ризашылығын білдіріп, мешітке қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Базарбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Талант Сәрсенбаев рухани орталықтың тұрғызылуына үлес қосқан жомарт азаматқа ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтты. Осы жерде қайырымдылық шаралары жасалып, аз қамтылған 10 отбасыға көмек көрсетілді.
Бұдан соң жаңа мешіттің лентасы қиылып, шашу шашылды. Облыстың бас имамы Бейбіт қажы бастаған ел азаматтары  имандылық үйіне кіріп құран оқыған соң, көпшілікке арнайы ас берілді.
Құлшылық үйіне «Базарбай» елдімекенінің атауы беріліпті. Мұнда бір мезетте 200 адам намаз оқи алады. Ғимараттың  құрылысына жұмсалған құрылыс материалдары отандық өнімдер екен.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 18.11.2020 11:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін345
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада345
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39346
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246732

Серіктестер