Онлайн газет



666 МЫҢ 720 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Ауданда карантин талаптарын сақтау және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мобильді топ рейдтері жалғасуда. Ережелерді елемейтіндерді аудан әкімдігі мен аудандық полиция инспекторлары, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері анықтау үстінде.
Аудан аумағында карантин талаптарын түсіндіру шаралары жиі жүргізіледі. Бір ескеретіні мобильдік топ санитарлық талапқа немқұрайлы қарайтындардың бейғамдық әрекеттерін әшкерелеп, айыппұл салады. Өйткені  аудандағы  күллі нысандардың қызметкерлері мен тұрғындарға ережелер о баста нақты жеткізіліп, жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі ескертілген.
- Үстіміздегі жылдың 9-15 қарашасы аралығында мобильдік топтар аудан аумағында орналасқан 60 нысанды аралап, 12 бұзушылықты тіркеді. Тексеру барысында сегіз бірдей жеке тұлғаға, жалпы сомасы 666 мың 720 теңге айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде жиі кездесетіндері ұжымдық және отбасылық мерекелерді өткізу, жұмыс режімін сақтамау, яғни, бетперде (маска) тақпау,  медициналық қолғап кимеу  және әлеуметтік қашықтықты елемеу сияқты тәртіп бұзушылықтар бар. Аталған фактілер  бойынша хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, карантинді бұзушыларға қатысты  әкімшілік шаралар  қабылданды, - дейді мобильді топ мүшелері.
Мәселен, 10 қараша күні Сарыкемер ауылы, «Жақыпбаев» көшесінің тұрғыны Бисен Сайпназаров, «Көлқайнар» бұрылысының тұрғыны Нұрлан Бекеев, «Аманкелді» көшесінің тұрғыны Сәбит Мұқанов және «Сапаралиев» көшесінің тұрғыны Нышанбек Қашқынбаев шектеу шараларына қарамастан отбасылық шараларды өткізгендері үшін әрқайсысы 83 340 теңге көлемінде айыппұл төлеген. 
Карантин талабына сәйкес дүкенге келушілер бетперде (маска) тағып, кірген кезде алақанға антисептик жағуы шарт. Мұндағы әрбір тұтынушылардың әрекетін сатушылар бақылайды. Сондықтан, сауда орындарының өкілдері  коронавирустан қорғану үшін, тиісті санитарлық талаптарды ескеруі қажет. Мысалы, дүкеннің  табалдырығында залалсыздыратын  кілемше төселуі керек. Сонымен қатар, қызметкерлердің дене температурасы күн сайын  өлшеніп, олардың аты -жөні арнайы журналға жазылады. Дәл осындай сақтық шаралары аудандағы барлық ұйымдарда жүйелі түрде қолға алынған. Ал, мобильдік топ мүшелері ережелерді жергілікті тұрғындар жақсы білетінін айтады. Алайда, карантин талабын жұрттың барлығы бірдей сақтай бермейтін көрінеді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында көкталдық А. Сартаева, түймекенттік Сания Исакова, бурылдық Фикрия Рыдванова және қызылжұлдыздық Наиля Агалиева дүкендерде санитариялық - эпидемиологиялық талаптарды сақтамай жұмыс жүргізгені үшін айыппұл арқалаған.

Мобильдік тобы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін956
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада956
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39957
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247343

Серіктестер