Онлайн газет



КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Рухани жаңғыру жобалық офисінің кабинетінде аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтың төрағалығымен  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша атқарылған жұмыстарға арналған  кеңес отырысы өткізілді.

Онда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова есеп берді. Бөлім басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 тамыздағы №83 өкімімен  аудан әкімдігі жанынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 13 адамнан тұратын жобалық офистің құрамы бекітілгендігін, топта аудан әкімі Нұржан Нұржігітов басшылық жасап, құрамына аудан әкімінің орынбасары, бөлім, мекеме қызметкерлері енгізілгендігін жеткізді. Бағдарлама аясында онлайн форматта 200-ден аса іс-шаралар өткізіліп, бүгінгі күнге  аудандық газетте 97 мақала, облыстық газетте 11 мақала, ал, республикалық газетте 5 мақала жарияланып, 109  бейнероликтер және 162 ақпарат әлеуметтік желілерге таратылғандығын атап өтті. Одан бөлек, бағдарламаның «Туған жер» жобасы аясында тындырылған тірліктерге жеке - жеке тоқталып, алдағы уақытта жоспар бойынша атқарылатын іс - шаралар туралы мәлімет берді.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, тиісті мекеме, бөлімдерге аталмыш бағдарлама мен жоба бойынша онлайн және офлайн форматта өткізілетін шаралардың санын  көбейтуді, «Жастар ресурстық орталығына» осы шараларға жастардың қатысу үлесін арттыруды тапсырды.

Гүлжан ТУРСУНХОДЖАЕВА.

Обновлено 21.10.2020 10:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін557
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3262
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2538
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302028

Серіктестер