Онлайн газет



БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

Дана халқымыздың «Еркіндік қайда болса - елдік сонда, бірлік қайда болса – ерлік сонда» деген аталы сөзі бар. Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз - тұрақтылық, тілегіміз - татулық болса, еліміз тарих төрінен табылары сөзсіз.

Бүгінде біз әлем мойындаған, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрі бар елміз. Қазақ халқы ежелден - ақ «дала демократиясына» жетік, сөзге тоқтаған текті халық. Ел ішіндегі, тіпті қатарлас жатқан мемлекеттердің арасындағы мәселелерді Билер кеңесі арқылы шешіп, шегендеп отырған. Сол үрдіс патша өкіметі дәуірінде бүтіндей өзгертілді. Алайда, халқымыз билердің қоғамдағы орнын еш уақытта естерінен шығарған емес. Сондықтан, Жоғарғы Сот Билер институтын қайта жаңғырту мақсатында «Дәнекер» бағдарламасын қолға алып, “Медиация туралы” Заңды қабылдады. Заңнама аясында аймақтарда билер Кеңесі құрылды. Кеңестің басты міндеті - жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, “дау мұраты – бітім” деген құқықтық қағиданы басшылыққа ала отырып, бірілік пен тұрақтылықты сақтауға, қоғамдағы дауласушылық деңгейін төмендетуге ықпал ету болып табылады.
Аудан орталығында “Билер кеңесі” тұрақты жұмыс жасайды, онда төраға және кеңес мүшелерінен құралған топ бекітілген. Одан бөлек, осындай құрамда 18 ауылдық округтің барлығында Билер кеңесі жұмыс істейді.
Кеңестің артықшылығы тұрғындар арасында пайда болған даулардың сотқа дейін шешілуіне ықпал ету. Кеңестің беделді мүшелері халық арасында туындаған жанжалдарды, талас-тартыстарды көне дәстүр негізінде, өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып тараптарды татуластыру жолымен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жанжалдарды шешуге де, отбасы ішінде туындайтын дауларды шешуге де көмектеседі.
Бұл Елбасының жақында ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген мәселелермен үндес келеді.
Үстіміздегі жылы 1-ші наурыз «Алғыс айту» күніне орай аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың, аудан ардагерлерінің, этномәдени орталықтарының, өзге ұлт өкілдерінің және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен «Қоғамдық келісім орталығы» ғимараты салтанатты түрде пайдалануға берілген болатын. Бүгінде аталмыш орталықта тындырымды жұмыстар атқарылып, түрлі шаралар өткізуде.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек, қазан айларында аудан орталығындағы, ауылдық округтердегі “Билер кеңесі” жоғары деңгейде жұмыс атқарып жатқанын айта кеткен жөн.
Кеңестің қарауына түсетін дау–дамайлық істердің басымы неке бұзу, несие төлеу, ерлі-зайыптылардың өзара түсініспеушілігі, көршілер дауы және тағы басқа мәселелерге қатысты кездеседі. Бұндай дау–дамайларды шешуге Билер Кеңесі мүшелерінің өз ережелері бар.
Өткен жылдың 5 наурызында Жамбыл облыстық Соты мен «Ардагерлер Ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалынды.
Меморандумның негізгі мақсаты – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын сақтау, қоғамдағы даукестік денгейін төмендету, Билер институтын жандандырып, «ұлттық кодтың» құндылықтарын қолдану арқылы құқықтық сананы өзгерту, ел тұрғындарының жасампаздық қызметі үшін дауларды татуласу рәсімдеріне реттеу мәдениетін арттыру болып табылады.
“Билер кеңесі” халық үшін қолайлы әрі сот органдарының да жұмысын жеңілдете түскені сөзсіз.

Кеніш Искаков,
аудандық соттың бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін561
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3266
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2542
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302032

Серіктестер