Онлайн газет



COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Байзақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау басқармасы аудан халқын коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу  мақсатында тиісті санитариялық-эпидемиологиялық іс-шара жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық жағдайы және аудан бойынша атқарылып жатқан шаралары туралы мониторинг жүргізілуде. Жасақталған  мониторинг жүргізу тобының мүшелері одан әрі жұмысын жалғастыруда. 
Бүгінгі таңда, жұмыс жасап тұрған нысандарға COVID-19-ды болдырмау іс-шаралары бойынша, жасақталған мониторинг жүргізу тобының мүшелері бақылау жасап, қызметкерлері мен басшыларына санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізуде. Шектеу шараларын сақтамау бойынша жіберілген кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарға әкімшілік айыппұлдар салынуда.
Осы орайда, жұмысына рұқсат етілген  және адамдар көп жиналатын объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режімді (кіреберісте қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету) қамтамасыз ету және сауда, қоғамдық тамақтану объектілеріне өз жұмыстарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыс жүргізу керектігі, дезинфекциялау және жуу құралдарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету міндеттелген.
Көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп - оралған түрде сату, қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалану (оларды уақтылы ауыстырып отыру - әрбір 2 сағат сайын) қажет.  Объектілерде маска режімін, әлеуметтік қашықтықты мүлтіксіз сақтауы керек.
Балалар мен ересектерге арналған көңіл көтеретін орындардың жұмысына, сондай-ақ отбасылық, естелік, думанды, мерекелік және басқа да жиындарға, оның ішінде, үй ішіндегі жиындарға тыйым салынады.

Мониторинг жүргізу тобы.

Обновлено 21.10.2020 10:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін561
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3266
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2542
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302032

Серіктестер