Онлайн газет



ШАРТ ЖОБАЛАРЫНА КЕЛІСІМ БЕРІЛДІ

Аудан әкімдігінде №6 сайлау округінен депутат Алмаз Большебековтың төрағалығымен  алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХХІI сессиясы өткізіліп, оның күн тәртібіне төрт мәселе қаралды. 
Алдымен кезектен тыс сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, «Байзақ ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы», «Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы» аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Жарқын Тамаевтың баяндамасы тыңдалды. 
Бұдан соң, сессияның күн тәртібі бойынша «Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округіндегі «Қарасу» ауылының атын өзгерту туралы» аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов, “Байзақ аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы” аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 24 қазандағы №54 – 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында сессияның күн тәртібіне шығарылған мәселелер алдын ала талқылаудан өтіп, тиісті ұсыныстар жасалғандықтан, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін580
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3285
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2561
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302051

Серіктестер