Онлайн газет



ДАҚЫЛДЫ ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, ағымдағы жылы аудан бойынша 49 шаруашылық жалпы көлемі 1 321 гектар алқапқа қант қызылшасын еккен. Биылғы ағын судың жетіспеушілігіне қарамастан ауданның шаруашылықтары қант қызылшасы алқаптарын мүмкіндігінше уақытылы суғарып, күтіп-баптап, жинау науқанына да жеткізді.
Аудан бойынша қант қызылшасын жинауды алғашқы болып Үлгілі ауылдық округінде орналасқан «Казаки» шаруа қожалығы, жетекшісі Ринат Елеуов және Бурыл ауылдық округіндегі «Бірлік» шаруа қожалығы, жетекшісі Николай Рахметилдаев бастап, бір күнде 272,2 тонна тәтті түбірді Тараз қант зауытына өткізді. Алғашқы өнімділік әр гектардан 400-450 центнерді құрап отыр.
Аудан бойынша қант қызылшасын жинайтын  4 комплекс және 6 комбайн бар болса, бүгінгі күнге әзірше 2 комбайн жұмыс атқаруда.
Алдын-ала тексеру (таксация) қорытындысы бойынша 1 321 гектардан жалпы 42 000 тонна қант қызылшасы жиналып, Тараз қант зауытына өткізіліп, әр гектардан болжамды орташа өнімділік 318,0 центнерді құрайды деп жоспарлануда.

Мұхтар Шалғынбай.

Обновлено 19.10.2020 10:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін554
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3259
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2535
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302025

Серіктестер