Онлайн газет



АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңатұрмыс және Темірбек ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауы болып өтті.

Бекітілген тәртіпке сәйкес, сағат 11.00-де дауыс беру пунктінде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Абдан Тулепбергенов сайлау комиссия мүшелеріне және сенімді өкілдерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне дауыс беруге дайындық барысын таныстыра келе, дауыс беру тәртібін түсіндіріп берді. Аталмыш сайлауға 14 таңдаушы қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау жәшіктері тексеріліп, бекітілгеннен кейін сайлау бюллетені саналды.
Нәтижесінде, кандидаттардың арасында ең көп дауыс жинаған Асқар Прманов Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі, ал, Артур Утебаев Темірбек ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Өмірлік тәжірибелері бар азаматтардың жаңа тағайындалған қызметтеріне жетістіктер тілей отырып, ауыл тұрғындарымен ынтымақтаса мардымды жұмыстар атқарады деген сенімдеміз.

Мұхтар Манекеев.

Обновлено 19.10.2020 10:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін580
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3285
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2561
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302051

Серіктестер