Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТТЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛЫНДА

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Ел  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдаған еді.
Жолдауда көптеген тақырыптарға тоқталды, оның ішінде жаңа экономикалық бағыттың 7 қағидатын атады, мемлекеттік басқаруды реформалау, ғылым саласын дамытуға маңыз берілді, ауыл шаруашылығы саласын, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, қолжетімді әрі сапалы білім алу, бойынша тереңінен тоқталып өтіп, осы арада 2021 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көбейтілетіні жайлы айтып өтті.
Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шаралар көрсетілген. Әр қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру үшін Мемлекет басшысы ұсынған шаралар ерекше назар аудартады. Әсіресе, мемлекетіміздің әл-ауқатының негізін құру мақсатында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларды атап өту керек. Сонымен қатар, әділетті мемлекет, яғни, азаматтардың мүддесін қорғау бойынша тоқталып: «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет», - деп көрсетті.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанынан құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жөніндегі өкілетті комиссия құрылып жатқандығын атады. Оның ішінде 10 жылдай бұрын «Медиация туралы» Заң қабылданып, бірақ әзірге бірде-бір мемлекеттік орган оны әзірлеумен айналыспайтынын, түсінікті мемлекеттік саясат жоқтығын, осы жағдайды түзету керектігін айтып, нәтижелі жоспар жасап, оны міндетті түрде іске асыруды тапсырды.
Аталған реформа медиацияға қатысты, ол тек сот саласына қатысты талап деп түсінген дұрыс ұғым емес екенін біздің жергілікті басқару органы мен құқық қорғау органдары жіті назарға алса бұл істің оң шешім табатынына біз сенімдіміз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтынын, жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керектігін, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыру қажет екендігіне көңіл бұру қажеттілігін айтты.
Мемлекет басшысының  Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Сондықтан, дәл қазіргі таңда біздің алдымызға қойған маңызды мәні бар Президенттің тапсырмасын бірлесіп орындаудың уақыты келді деп санаймын.

Ерғазы Тілеубеков,
аудандық соттың төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін505
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6522
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32089
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202819

Серіктестер