Онлайн газет



ЖОМАРТ ЖАНДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен 1 қазан - «Халықаралық қарттар күні» және 1990 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен қазан айының екінші аптасы «Мүгедектер күні» болып аталып өтіледі.
Осы мерекелерге орай, ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараларда «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорыны, Ж.Үшкемпіров атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің аудандық бөлімшесі, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Байзақ газ учаскесі, аудандық қазынашылық басқармасы, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық электр жүйелерін тарату мекемесі, Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы РМКК-ның аудандық филиалы, аудандық мұрағат, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, мәдениет және тілдерді дамыту, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс, қаржы, дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Жастар ресурстық орталығы белсенділік танытқанын ерекше атап өтуге болады. Сондықтан, ізгі істерге қатысып, бойына біткен мәрттігі мен пейілінің кеңдігін көрсеткен, мұқтаж адамдармен балаларға және жалғызілікті қарттарға қайырымдылық көрсетуді өзінің азаматтық міндеті санайтын мекеме басшылары мен қызметкерлеріне және ауыл округтердегі шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге шын жүректен ризашылық сезімімізді білдіріп, алғыс айтамыз.

Әлия Саққұлова,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін597
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2340
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20419
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2227805

Серіктестер