Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық “Мүгедектер күні” болып белгіленді. Ал, Қазақстанда “Мүгедектер күні” жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.
Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.
Мереке қарсаңында Көктал ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға ауыл әкімшілігінен Роза Кожагулова, “Саялы” балабақшасының меңгерушісі Айзат Молдахалықова, жеке кәсіпкер Мейрамбек Сугиров, ауыл белсендісі Арнұр Ахатаев, әлеуметтік қызметкер Ботакөз Бекмурзаева  ұйытқы болып,  14 отбасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетті.
Осындай мұқтаж жандардың проблемалары мен қиындықтарына бей - жай қарамай, қол ұшын беруді өзінің борышы санайтын көкталдық жомарт жандардың игі істері көпке үлгі болар деген ойдамыз.

Шәрбат Елшібекова,
үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін580
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3285
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2561
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302051

Серіктестер