Онлайн газет



АТАДАН АМАНАТ

Үш мыңнан аса жәдігері бар Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің саны жылдан жылға арта түсуде. Жақында мұражай жәдігерлері тағы да толыға түсті.
Музейге көп балалы ана, ардақты әже Зәтекүл Молдабаева арнайы келіп, өзі қолданған біршама бұйымдарды табыстады.
- “Естінің сөзі, ескінің көзі – қымбат”, - демекші, мына самаурын кезінде анамнан сый ретінде берілген. Ол кезде небәрі 17-де едім. Содан бері міне, жасым 80-нен асып кетті, қаншама қонақ, отбасым осы ыдыстан шәй ішіп, сусындады. Ал мынау, өз қолыммен тоқыған қоржын. Жастар жағы біле бермес, бұл қолөнер бұйымы тек төрде сәндік үшін ілініп тұрмайды, ертеде ата-бабаларымыз ас-ауқат, киім-кешек салып жүруге қолданған. Қолымдағы қасқыр ішікке де көп жыл болған. Жолдасым Дәулетбай мал бағу ісімен айналысқандықтан, қыста суыққа төзімді осындай тондар арнайы тапсырыспен тігілетін. Қазір техниканың дамыған заманы ғой. Кезінде бұл бұйымдар үлкен еңбекпен жасалатын. Осыны жас ұрпақ ұғынсын деп өздеріңе әкеліп отырмын. Көздің қарашығындай сақтарсыңдар, қарақтарым, - дейді қарт ана.
Атадан аманат – ұрпаққа ұлағат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діні ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деп айтқанындай, кейінгі жас ұрпақ алдыңғы толқын аға буынның өнегесінен ғибрат алып, кемел келешекке бастары анық.

Айдана Шотбасова,
аудандық тарихи - өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

Обновлено 19.10.2020 10:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін674
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6691
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32258
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202988

Серіктестер