Онлайн газет



ШАРТ - ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Қазіргі таңда, тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан, тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн.
Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты, дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады.
Өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуінде кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, бұл кезеңде оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады.
Энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігі белсенді физикалық белсенділікке байланысты дифференциалданады. Қарқынды дене еңбегі қосымша энергия көлемінің келуін талап етеді. Сонымен, ер адамдардың ауыр еңбек кезіндегі тәуліктік энергия шығыны 40% артық ұлғаяды, сондай-ақ, ақ (30%), май (63,5%) және басқа да қоспалардың қажеттілігі көбейеді. Әйел адамдардың тамақ қажеттілігі ер адамдарға қарағанда аз, бұл олардың организмдеріндегі алмасу процестерінің төмен қарқындылығымен байланысты.
Ақырында, тамақтанудың қолайлы режімін сақтауды дұрыс тамақтанудың төртінші принципі анықтайды. Тамақтану режімі дегеніміз - тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
1) ұстамды жеу керек;
2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белок, май, көмірсу, минералды зат, витаминдер болуы тиіс;
3) тамақтану режімін сақтау қажет.
Тамақтану режімінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:
1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.
2.Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.
3. Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет.
4. Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі.
Таңғы, түскі және кешкі ас үшін тәуліктік уақыт еңбек және демалыс режіміне байланысты жеткілікті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек.
Азық-түлік заттарының 80% термиялық өңдеуден кейін тұтынылады. Бұл олардың жұмсаруына және сіңімділігінің жоғарылауына әсер етеді.
Дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдарды сақтау организмнің әр түрлі қоршаған орта агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және халықтың ішінде бірқатар жұқпалы емес созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.

Ұлжан Жақсылық,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін560
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3265
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2541
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302031

Серіктестер