Онлайн газет



ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Кеше, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан тұрғындарымен онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді. Алдымен Бурыл ауылдық округінің бір топ тұрғындары атынан өтініштерін жеткізген Айжан Алпысбай облыс басшысымен тікелей байланысқа шықты. Өтініш иесі өздерін толғандырып жүрген үш бірдей мәселені ортаға салды.
Біріншіден, Бурыл ауылындағы Жамбыл көшесінің аяғы жағына тұрғындар өз есептерінен газ құбырын жүргізу барысында үйге дейінгі ұзындығы 200 метр қашықтық шамасында диаметрі 57 мм құбырдың орнына 40 мм құбырды қолданған. Осыған орай, газ кіргізіп алған көршілері құбыр тартуға келісімдерін бермей отыр екен. Екіншіден, Жамбыл көшесінің төменгі жағында, яғни қиылысынан ары  600 метр жерге асфальт төселінбей қалған. Үшіншіден, таза ауыз суға қол жеткізу мүмкін болмауда дейді өтініш иелері. Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил Бурыл ауылдық округінің әкімі бір ай шамасында демеушілер тауып, газ кіргізіп беруді жоспарлап отырғанын айтты. «Сіз ертең өзіңіз бастап келісім бермей отырған көршіні тауып, келісім жасаңыздар. Бір ай уақытта бұл мәселені шешу керек», - деп нақты тапсырма берді облыс басшысы.  Ал, көшенің асфальтталмауы қаржы жетіспеушілігімен байланысты болса, ауыз су мәселесі кезең  - кезеңімен шешімін табатынын түсіндірді. Сарыкемерлік тұрғын, зейнеткер Ханымай Уралбаева жер және газ мәселесін қозғаса, «Бизатхан» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Жаналиев «Новый Михаловский» каналын тазалауға қатысты сауал жолдады. Жалғызтөбелік тұрғын Жамиля Беркенова әлеуметтік көмек сұрай келсе, Жалпақ төбе ауылының тұрғыны Абдумалик Шарипов суарылмайтын 829,46 га жерді суармалы егістікке өзгерту мақсатында жаңбырлатып суару жүйесіне қажетті ұзындығы 15,412 шақырым полиэтиленді құбырды жүргізуге көмек сұрай келіпті.
Әрбір өтініш иесін мұқият тыңдаған облыс басшысы олардың әрқайсысына тиесілі жауаптар қайтарып, кейбір мәселелерге байланысты аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тікелей өз бақылауына алатынын жеткізді.

Мұхтар Шалғынбай.

Обновлено 14.10.2020 11:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін386
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1050
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15941
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279601

Серіктестер