Онлайн газет



ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Өткен аптада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек ауданымызға жұмыс сапарымен арнайы келіп, ауылдардағы бірнеше құрылыс нысандарын аралап, қолға алынған жұмыстардың барысымен танысты.

Іссапар барысында алдымен Ұлан Еркінұлы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилмен бірге Бурыл ауылындағы биылғы күрделі жөндеуден өткен «Бурыл» орта мектебінің сыртына жүргізіліп жатқан ағымды жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Ұлан Жазылбек құрылыс алаңында мердігер «Жазбақыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е. Құлманбетовпен кездесіп, ондағы атқарылып жатқан тірліктерден хабардар болды.
Бұдан соң Бурыл ауылында 180 орындық мәдениет үйі және дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылыс алаңында ауылдық округ әкімі Ерік Әліқұлов, аудан әкімдігі сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Садыров, мердігерлер «Жаңатас Құрылыс Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ж.Усембаев пен «Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ғ. Бекбердиев жұмыстардың орындалу барысы, пайдаланылып жатқан құрылыс материалдары, жұмысшылардың жағдайы, санитарлық талаптардың сақталуы жөнінде түсінік берді.


Көктал ауылындағы апатты ғимараттың жай – күйімен таныстықтан соң, облыс әкімінің орынбасары Мырзатай мен Жетібай ауылындағы инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстарымен, Сеңкібай ауылындағы ауыз су имараты мен су құбырлары жүйесінің құрылысымен, Жетібай ауылындағы 90 орындық мәдениет үйі құрылысымен, Абай ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен Абай атындағы орта мектебімен, Мәдімар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен, осы ауылдағы спорт алаңшасын орнату және облыс көлемінде ең алғаш пайдалануға берілген асарлатып салынған тұрғын үйдің жай - күйімен танысып шықты. Сондай-ақ, «Денсаулық» саяжайының жанынан өтетін Талас өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары да назардан тыс қалмады.
Түске таман Ұлан Еркінұлы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында, ауданда кезекті рет пайдалануға берілгелі жатқан Кеңес ауылындағы тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көптеректік тұрғындарды қуанышты сәтімен бөліскен облыс әкімінің орынбасары: «Мұндай шараға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Облыс бойынша үш жүзден астам тұрғын үй салыну жоспарланса, биыл өңірде 103 үйдің құрылысы басталып, ретімен тапсырылып жатыр. Бұл іс-шараның терең маңызы бар. Ағайын-туыстар біріге отырып, ауызбіршіліктің арқасында дәстүрді жаңғыртуға бет бұруда. Өнегелі іске ұйытқы болған мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектерге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан үлкен алғыс айтамын. Бизақ аға, қоныс тойыңыз құтты болсын. Осындай игі істер көп болса, өңіріміз өркендеп – дами береді деген ойдамын», - деді. 
Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің жұмыс сапары түс ауа Түймекент ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары мен биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен Түймекент орта мектебінің жылу жүйесі мен ішкі өңдеу жұмыстары барысымен танысуға ұласты. Жұмыс сапарында Жаңатұрмыс ауылындағы ауыз су имараты мен су құбырлары жүйесінің құрылысын, Сарыкемер ауылындағы ағымдағы жөндеуден өткен №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңын, №3 Байзақ колледжінде қосымша салынып жатқан ғимаратты, Сарыкемер ауылындағы ауыз су имараты мен су құбырлары жүйесінің құрылысын аралады. Өзінің аудандағы іссапарын Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебінің қосымша ғимарат құрылысы жұмыстарымен қорытындылады.
Қайбір нысан болмасын жұмыс сапары барысында ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен мұқият танысқан Ұлан Жазылбек мердігерлермен кездесіп, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 14.10.2020 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін336
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1000
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15891
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279551

Серіктестер