Онлайн газет



АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желілерде «Байзақ ауданы әкімдігінің» Facebook және Instagram парақшалары ашылып, бүгінгі күнге ауданның оң имиджін қалыптастыру мақсатында 1 616 материал (591 – Instagram, 1 025 – Facebook) жарияланып, нәтижесінде халықпен кері байланыс орнатылуда. Қазіргі кезде аудан әкімдігінің парақшасына желі қолданушылары тарапынан 62 сұрақ түсіп, сұрақтардың барлығына дер кезінде жауап берілген.

Мұндай мәліметтерді аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова айтты.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, «Ауданда атқарып жатқан жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары туралы» баяндама жасаған  Салтанат Бәйтеліқызы аудан әкімдігінің парақшасында қазіргі таңда 10 075 (instagram – 2 432,  facebook – 7 643) оқырман тіркелгенін, сонымен қатар, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік желілерде парақшалары ашылғанын жеткізді.
Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желілердегі зерделенген жұмыстар туралы аппараттық кеңесте айтылған кемшіліктерге байланысты әлеуметтік желілердегі жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Баяндамада көрсетілгендей барлық ауыл мен ауылдық округтерде ашылған парақшалардың басым бөлігі өз деңгейінде жұмыстарын атқара алмай отыр. Ал, аудан әкімдігінің бөлімдерінен мәдениет және тілдерді дамыту, білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдері әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқарса, қалған бөлімдер тарапынан  жұмыстар жүргізілмеуде.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, Facebook әлеуметтік желісінде аптаның жұма күндері тікелей эфирде "Әкім сағаты" өткізілетіні, "Адалдық алаңы" жобалық офисінде бүгінгі күнге аудан әкімінің орынбасарлары және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы тікелей эфирге шыққаны және қалған бөлім басшылары бекітілген кестеге сәйкес тікелей эфирге шығатыны айтылды.
Бұдан бөлек баяндамашы аудан көлемінде ақпараттық бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Аудандық басылымда жарияланған мақалалар, олардың маңыздылығы, республикалық және облыстық деңгейдегі телеарналар мен баспасөз беттерінде негізінен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша және аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы материалдар жарияланып, көрсетілімдер жарық көргенін атап өтті. Аудан әкімдігінің ресми сайты бойынша жыл басынан жалпы саны 197 жаңалық материалдары орналастырылғанын айтты.
Бұдан соң күн тәртібі бойынша «Күзгі егіс дала жұмыстарының барысы және жерді игеру мәселелері туралы» аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Қуанышев, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Жарқын Тамаев баяндама жасады. Кеңес барысында басқа да мәселелер ретімен қаралып, тиісті бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Кеңеске аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері қатысып отырды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

Обновлено 14.10.2020 11:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін329
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада993
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15884
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279544

Серіктестер