Онлайн газет



ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Апта басында облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы ауданымызға келіп, «Азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылудың алдын алу» тақырыбында екі күндік кездесулер ұйымдастырды.

Түсіндірме жұмыстары Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы, облыстық дін саласындағы ақпарттық-түсіндіру топ мүшесі Самғат Мутанов, облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының ауданға бекітілген дінтанушы маманы Байлыхан Құлназаровтың және аудандық полиция бөлімі инспекторларының қатысуымен Сарыкемер, Бәйтерек, Жалғызтөбе ауылдық округтерінде «Азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылудың алдын алу» тақырыбында өтті. Облыстық дін саласындағы ақпарттық-түсіндіру топ мүшесі Самғат Маратұлы жат ағымдардың қоғамға, адамдарға тигізетін кері әсері, дәстүрлі дініміздің мақсаты, ел тәуелсіздігі мен бірлігін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық денсаулық сақтау қызметкерлері, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушылары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының мамандарымен өткізілген кездесу «Дін, қоғам және жастар» тақырыбын қамтыды. Онда жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің аса маңызды, күрделі мәселелердің бірі болып келгендігі туралы, жастарға дін және оның бағыттары, діни көзқарастар, ислам дінін жамылған өзге діни ағымдардың, теріс жолға апарудың зияндылығы және одан сақтану жолдары түсіндірілді. Басқосулар барысында жастар белсенділік танытып, өз сөздерінде діни қөзқарастары мен қазіргі кезеңде дін қоғамның өзекті мәселесіне айналғанын және ол дертпен күресетіндерін жеткізді.

Гүлжан Турсунходжаева.

Обновлено 14.10.2020 11:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін365
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1029
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15920
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279580

Серіктестер