Онлайн газет



АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі талаптарына сәйкес, аудан бюджетінің түсімдер жоспарының және бюджет қаржысының игерілуіне күнделікті мониторинг жүргізіліп, аудан әкімдігіне апталық мәлімет хабарланып отырады. Есептіліктер аудан әкімдігінің интернет парақшасына және «Ашық бюджет» порталына жүктеледі.
Аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстары қаражаттарының қалдықтарын есептеп салыстырып,  аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп «е-minfin» жүйесіне ай сайын енгізіледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есептіліктері  ай сайын енгізілуін қадағаланады. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілерімен төлемдер бойынша қаралған қаржының игерілуіне  бақылау жүргізіледі, дер кезінде жоспарға тиісті өзгерістер енгізіліп тұрады.
2019 жылы аудандық бюджеттің кірістері 18 млрд. 469,4 млн. теңге сомасында немесе 100,3%-ке  қамтамасыз етіліп, бюджетке 53,2 млн. теңге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, кірістер 32,4%-ке немесе 4 млрд. 522,3 млн. теңгеге артқан.
Жалпы, кірістердің 10%-ін меншікті кірістер, 38%-ін облыстық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер, 7%-ін нысаналы даму трансферттері мен 45%-ін облыстық бюджеттен алынған субвенциялар құрады.
Аудандық бюджеттің меншікті кірістерінің жоспары 1 млрд. 765,3 млн. теңгеге немесе 103,1%-ке орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда  288,5 млн. теңгеге немесе 20%-ке артқан.
Жоспардағы салықтық түсімдер 1 млрд. 683,4 млн. теңге сомасында немесе 103,3%-ке, салықтық емес түсімдер 11,3 млн.теңгеге немесе 96,9%-ке, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 70,6 млн. теңгеге немесе 100,5%-ке қамтамасыз етілді.
Есепті жылда аудандық бюджетке 16 млрд. 704,1 млн. теңге сомасында трансферттер түсті, оның ішінде 8 млрд. 453,8 млн. теңге сомасында субвенция, 6 млрд. 960,3 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттері және 1 млрд. 290 млн. теңге сомасында нысаналы даму трансферттері алынды.
Бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жасалған кредиттік келісімдерге сәйкес 11,9 млн. теңге толығымен бюджетке қайтарылды. Есепті жылда қарыздардың түсімі 30,3 млн. теңгені құрады, ол әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін алынды.
Аудандық бюджет шығындары жоспарда 18 млрд. 393,8 млн. теңге болса, іс жүзінде 18 млрд. 388,7 млн. теңгеге немесе 100,0%-ке орындалды. Жалпы, 13 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішінде 13-і бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша 100%-тік көрсеткішке қол жеткізіп отыр.       
2019 жылға арналған аудандық бюджет шығындарының 60%-і немесе 10 млрд. 955,8 млн. теңгесі білім беруге, 19%-і немесе 3 млрд. 506 млн. теңгесі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға, 5%-і немесе 957,8 млн. теңгесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, 2%-і немесе 378,4 млн. теңгесі мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікке бағытталған.
Есепті жылда аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 16 млрд. 965,1 млн. теңгені,  даму бюджеттік бағдарламалары 1 млрд. 423,6 млн. теңгені құрады. Республикалық бюджеттен бөлінген 8 млрд. 280,6 млн. теңге сомасындағы нысаналы трансферттер мен кредиттер 100,0%-ке игерілді.
Функционалдық бағыттар бойынша:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша жоспарда 723 млн. теңге болса, орындалғаны 722,9 млн. теңгені немесе 100,0%-ті, «Қорғаныс» бойынша жоспарда 7,7 млн. теңге болса, игерілгені 7,7 млн. теңгені немесе 100%-ті құрады. «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» бойынша жоспардағы 4,6 млн. теңге 100,0%-ке, «Білім беру» бойынша жоспардағы 10 млрд. 956 млн. теңгенің 10 млрд. 955,8 млн. теңгесі немесе 100%-ті игерілді .
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша жоспарда 3 млрд. 506,1 млн. теңге болса, орындалуы 100,0%, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бойынша жоспардағы 957,8  млн. теңге 100,0%-ке, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша жоспардағы 378,4 млн. теңге болса,  орындалғаны 100,0%-ті құрады.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» бойынша жоспарда 222,5 млн. теңге болса, игерілуі 100,0%-ке, «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша жоспардағы 55,4 млн. теңге 100,0%-ке және «Көлік және коммуникация» бойынша жоспардағы 458,7 млн. теңге  454,1 млн. теңгеге немесе 99,0%-ке игерілген.
«Басқалар» функционалдық тобы бойынша жоспардағы 711,3 млн. теңгенің орындалуы 100,0%-ті құрап, «Борышқа қызмет көрсету»  функционалдық тобы бойынша жоспардағы 16 млн. теңге 100,0%-ке игерілген.
«Трансферттер» бойынша жоспардағы 412,2 млн.теңге 100%-ке игерілді. Есепті жылда жергілікті өзін өзі басқару бюджеттеріне аудандық бюджет есебінен 216,5 млн. теңге сомасында субвенциялар бөлініп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 2 млрд. 200,6 млн. теңге сомасында трансферттер аударылды.
«Бюджеттік кредиттер» бойынша жоспардағы 30,3 млн.теңге 100%-ке орындалды.
«Қарыздарды өтеу» бойынша жоспардағы 11,9 млн.теңге 100,0%-ке орындалып, кредиттік шарттарға сәйкес жергілікті атқарушы органның 1 облыстық бюджет алдындағы борыштары толығымен өтелді.
Есепті жылда қаражаттардың әр түрлі себептерге байланысты 5,1 млн. теңгесі игерілмей қалған. Атап айтқанда, Бәйтерек ауылдық округінде 4,5 млн. теңге балабақша ғимаратына автотұрақ және кірме жолын жөндеу жұмыстарына қаралған қаржыға келісім-шарт уақытылы тіркелмегеніне байланысты игерілмеді, өзге үнемделген қаржылар 0,5 млн. теңге болып отыр. 
2020 жылдың 1 жартыжылдығында аудан бюджетінің түсімдері бойынша жоспары 13830204,7  мың теңге, нақты түсіп отырған сомасы 13980143,1 мың теңге, немесе  орындалуы 101,1 %. 
Аудан бюджетінің өзіндік түсімдері жартыжылдық жоспары 766675,7 мың теңге, нақты түскені 916686,1 мың теңге, немесе 119,6 %-ке орындалды. Оның ішінде, аудандық бюджет түсімдері есепті мерзімге жоспары  676481,0 мың теңге, нақты түскені 815747,4 мың теңге, немесе 120,6%-ке орындалды. Ал, 4-ші деңгейлі ауылдық округ бюджеттерінің  түсімдер жоспары 90194,7 мың теңге, нақты түскені 100938,7 мың теңге, немесе 111,9 %-ке, жоғары бюджеттен алынатын трансферттер жоспары 13063529,0 мың теңге, нақты түскені 13063457,0 мың теңге, немесе 100,0 %-ке орындалды. 
Аудан бюджетінің шығындар жоспары 14834183,7 мың теңге, кассалық атқарылуы 14829019,8 мың теңге, немесе атқарылуы 100,0 % - ті құрады. Оның ішінде 4-ші деңгейлі бюджет шығындарының жоспары 1758835,7 мың теңге, кассалық атқарылуы 1758393,3 мың теңге, игерілмеген қаржы сомасы  442,4  мың  теңге,  немесе атқарылуы  100,0 % - ті құрады.  
Аудан бюджетінен бірнеше инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтар болсақ, Талас, Сарыкемер, Көктал, Байзақ, Сеңкібай, Қостобе, Жаңатұрмыс ауылдарында су қабылдау құрылыстары мен су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру нысандарын салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттерi есебінен Бурыл ауылындағы 300 оқушыға арналған орта мектеп және Қостөбе ауылындағы орта мектепке спорт, акт залдары мен оқу кабинеттерінің құрылысы, Байзақ, Бурыл ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Бурыл, Жетібай, Көкбастау ауылдарында мәдениет үйі құрылыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде облыстық бюджеттен бөлінген кредит қаражатынан 1 300 млн. теңгеге ауылдық елді мекендер көшелерінің  ағымдағы және орташа жөндеу және 273,5 млн. теңгеге көше жарықтандыру және 904,6 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары қаржыландырылуда.
Аудандық қаржы бөлімі жұмыс жоспарына сәйкес, бюджеттік мекемелердің есепшілерімен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен облыстық қаржы басқармасынан келіп түскен нұсқаулар мен бұйрықтарды, заңдарды зерделеп, семинарларды жүйелі өткізіп тұрады.
Мекемелердің есебіне  талдау жүргізіп, кредиторлық және дебиторлық  берешектің өспеуіне ықпал жасалады, мүліктерді түгендеу уақытылы жүргізіліп, есептілік мемлекеттік мүлік тізілімінің порталына жүктеледі. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын барлық ұйымдарда есеп жүргізу 1С бағдарламасымен жүргізіледі.
Ауданның коммуналдық меншігінде 2020 жылғы 1 қаңтарға 85 мемлекеттік мекеме, оның ішінде - 15 жергілікті басқару органдары, 9 коммуналдық мемлекеттік мекеме (олар: 2 - спорт мектебі, 1 - аула клубы, 1 - психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту орталығы, 2 - балалар мен жасөспірімдердің тәрбие-шығармашылық орталықтары, 1 - кітапхана), 18 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және 43 білім беру мекемелері (мектептер) тіркелген. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізу құқығында «Байзақ ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байзақ су» КМК және 29 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, оның ішінде, қызмет түрлері бойынша мектепке дейінгі тәрбие қызметі саласында 23 кәсіпорын (балабақшалар), балаларға қосымша білім беру саласында 4 кәсіпорын (саз, өнер, көркем сурет  мектебі, жасөспірімдер орталығы), мәдени-демалыс саласында 2 кәсіпорын (мәдениет үйі, музей) бар. 
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 маусымдағы №125 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншікті басқару саласын жетілдіру бойынша іс-шаралар» жоспарына сәйкес, коммуналдық мүліктің тиімді пайдалануы  аудандық қаржы бөлімінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қанай ЖҮЗБАЕВ,
аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін383
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1047
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15938
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279598

Серіктестер