Онлайн газет



САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ - ІС ЖҮЗІНДЕ

Аудан аумағында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін күзгі абаттандыру, көгалдандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалықтың екі айлығын өткізу туралы 2020 жылдың 25 тамыздағы аудан әкімдігінің №337 қаулысына сәйкес іс шара жоспары бекітілген.
Бекітілген іс – шаралар жоспарына сәйкес, аудан бойынша екі айлыққа жалпы 6 325 адам қатысып, оның ішінде 435 адамы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Екі айлық барысында 52 шақырымдық арық және каналдар, 164 шақырымдық көшелер, 6705 шаршы метр саябақтар мен скверлер тазаланып, 43 жерде қоқыс төгетін орындар жойылып, 98 тонна күл-қоқыс полигонға тасымалданған. Бұған қоса, 410 дана бағаналар сырланып, 3 960 дана тал - теректер әктеліп, 6 250 дана тал бұтақтары кесіп реттелген.  5 дана ескерткіштердің аумақтарын көркейтіліп, 95 шаршы метр гүлзарлар отырғызылған.
18 ауылдық округтерде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен 5 мекеме айналысады (ЖК «Зауырбекова» - 3 техника, ЖК «Тазалық» - 7 техника, ЖК «Момбаев А» - 2 техника, ЖК «Баймұхамбетов» - 1 техника, ЖК «Көк жайлау» - 1 техника) олардың жалпы 14 техникалары бар, аптасына 1-2 рет шығарады. Шығару құны әр жеке тұлғаға айына 77 теңгеден есептелген.
Ауылдық округтерден шығарылған қоқыс қалдықтар 2006 жылы қаңтар айында құрылған «Алди и К» ЖШС-нің полигонына тасылмалданып отырады. Бүгінгі күнге 70 мың тонна қоқыс жиналған. Жылына орта есеппен 8 000 тонна күл қоқыс тасымалданады. Полигон Сарыкемер ауылынан 3 шақырым қашықтықта 13 гектар аумақта орналасқан. Жобаға сәйкес, полигонның сыйымдылығы 120 мың тонна. Сонымен қатар, полигонда қағаз, шыны және полиэтиленді қалдықтарды бөлек сұрыптау жұмыстары жүргізіліп, қайта өңдеуге жолдануда.
«Алди и К» ЖШС-і 2019 жылы 6 630 тонна тұрмыстық қатты қалдық қабылдап, оның 995 тоннасын қайта өндеуге жолдауда. Ағымдағы жылдың жарты жылдығында полигонға 2 523 тонна қабылданып, оның 398 тоннасы қайта өңдеуге жолданған.


«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін337
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1001
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15892
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279552

Серіктестер