Онлайн газет



ВЕБ-ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР БЕРУ

Байзақ ауданының мемлекеттік архивінің негізгі қызметтік бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік – құқықтық сипаттағы сұраныстарын орындау болып табылады. Мемлекеттік архив жыл сайын Қазақстан азаматтарымен, жақын, алыс шетел азаматтарының заңды құқықтарын қорғайтын 1500- ға жуық архивтік анықтамалар орындайды.

Өтініштерді қабылдау және архивтік анықтамаларды беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
«Электронды үкімет» веб-порталы – мемлекеттік басқарудың ел көлеміндегі басқару үдерістерінің барлық жиынтығын автоматтандыруға негізделген және мемлекеттік басқару тиімділігін айтарлықтай көтеру мен қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.
Мемлекеттік архивте портал арқылы түскен сұраныстар күн өткен сайын артып келеді. Уақыт талабына сай қазіргі уақытта архивтік анықтамаларды «электронды үкімет» порталы www.egov.kz арқылы ешқайда шықпай-ақ, онлайн режімінде алуға болады. Яғни, көрсетілетін қызметті алушы өзінің уақытын және қаражатын үнемдейді. Қызметті алушы архивтік анықтаманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырыс бере алады. Көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысты толтыру керек. Егер электрондық-сандық қолтаңбасы болса, үйден шықпай-ақ портал арқылы анықтаманы ала алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ, порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің  нәтижесі – архивтік анықтама 11 жұмыс күні ішінде беріледі.
Жауапты орындаушы құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу себептері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Мемлекеттік сақтауда құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) жоқ екендігі туралы хабарлама дайындайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, атақтардың берілуін, шешім және қаулының көшірмелерін және т.б. мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап ала алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз немесе электрондық түрде.
Порталда электрондық архивтік анықтама немесе сұратылған мәліметтердің болмауы туралы жауап беріледі.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
Тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
«Электронды үкімет» порталы - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік архивтерде кезекті қысқартып архивтік анықтама, архив құжаттарын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік береді.

Гүлмира Туменбаева,
аудандық мемлекеттік архивінің архивисті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін336
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1000
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15891
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279551

Серіктестер