Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлетін азаматтар мен қоғам бар кезде қайырымдылық шаралары толастамайды.
Жалғызтөбе ауылдық округінде акциялар және бағдарламалар аясында қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осындай шараларға ауылдың белсенді жастары және еріктілермен қатар ауыл кәсіпкерлері де атсалысып, көмекті қажет ететін тұрғындарға көмек қолын созып, өздерінің жомарттығын көрсете біледі.
Сондай жомарт азаматтардың бірі – «Даулет» шаруа қожалығының жетекшісі, кәсіпкер Ерболат Даулетов.
Ерболат Жолдасұлы туған ауылындағы тұрмыс жағдайы төмен мұқтаж жандардың ат-есімін біліп, оларға керекті азық-түлігін, киім-кешегін әперіп, кейде қаржылай түрде де тұрақты көмек көрсетеді. Мәселен, өткен «Мүгедектер күніне» орай округтегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар және жалғызбасты аналарға демеушілік жасап, азық-түлік өнімдерін таратты. Атап айтқанда, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар: Виктор Гебель, Аян Мейірханұлы, Зауытбек Дүйсеналиев, Қайрат Тортаев, Құрбаналы Мырзалиев және жалғызбасты аналар: Айбала Кембаева, З. Помазанға 50 келі ұн, 5 литр сұйық май, макарон өнімдері және тәттілер таратылды.
20 жылдан аса уақыт кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан ел ағасы Ерболат Даулетов алдағы уақытта өтетін басқа да қайырлы шараларға округтегі жас кәсіпкерлерді тартып, осы игілікті істі ары қарай жалғастырғысы келетінін айтады.

Диана МАЙЛИЕВА,
Жалғызтөбе ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін381
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1045
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15936
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279596

Серіктестер