Онлайн газет



АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ ОЙЫНДАРЫ

Аптаның бейсенбісі күнінен ауданда шымылдығы ашылған Жамбыл облысы ауыл жасөспірімдерінің ойындары 6 спорт түрінен ауылдық жерлерде өткізіліп жатыр.
Жарыстардың жалпы басталуы Сарыкемер ауылындағы орталық стадионда салтанатты түрде ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Жүнісбеков сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі және осы ойындардың 2019 жылғы өткен жарыстардың жалпы командалық нәтижелері бойынша жүлделі ІІІ орын алған Байзақ ауданын, ІІ орын алған Шу ауданын және бас жүлдені жеңіп алған Т.Рысқұлов аудандарын марапаттады.
Бүгінгі таңда, ойындардың шағын футбол (Байзақ ауданында өтті), волейбол (ұл, қыздар Талас ауданы), асық ату (Байзақ ауданы) спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілсе, осы жарыстар бойынша Байзақ ауданының қоржынында 1 алтын және 2 күміс медальдары бар.
Жарыстар ашық ауада санитарлық нормаларды сақтаумен өткізілуде.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін356
mod_vvisit_counterКеше664
mod_vvisit_counterОсы аптада1020
mod_vvisit_counterӨткен аптада3553
mod_vvisit_counterОсы айда15911
mod_vvisit_counterӨткен айда21462
mod_vvisit_counterБәрі1279571

Серіктестер