Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІЛІКТІ ІС

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектер күні аталып өтіледі. Осыған орай, ауданымызда әлеуметтік әріптестік шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ашылған бейімдеу және оңалту орталығында аудан әкімінің қолдауымен «Біз бірдейміз» акциясы аясында балаларға арнап мерекелік шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада алғашқы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков балаларды аталмыш мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншілері әуезді әндер орындап, балалар мен ата-аналарға арнайы дайындалған концерттік бағдарлама көрсетті. Шара барысында ем алушы балалардың арасынан Балым Сырғалым мен Нұрдәулет Нұриттин өлең жолдарын оқып, мерекелік шараның көркін аша түсті.
Шара соңында 20 балаға тәттілер салынған пакеттер таратылды. Өз кезегінде балалар мен ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

*        *       *
Халықаралық қарттар күні және «Мүгедектер күніне» орай, Жаңатұрмыс ауылдық округінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына жеке кәсіпкер Ләззат Жабатаеваның демеушілігімен алынған азық-түлік өнімдері мен киім-кешек табысталды. Сонымен қатар, республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы арқылы жалғызілікті қарттар З.Худайбергенова, Ж.Бейсеева мен мүмкіндігі шектеулі жандар Г.Ниязованың ұлдары - Н.Қонысбаев және Ш.Қонысбаев, Г.Уразимбетованың қызы - Г.Мунаж, А.Рагулованың ұлы - Н.Мухатаев, А.Дабылованың қызы Н.Эбибуллаева, К.Жумашевның ұлы - Р.Қалдыбайдың тұрғын үйлерінің ауласын тазалап, күл-қоқысты шығарысуға көмек берілді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 12.10.2020 10:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін555
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3260
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2536
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302026

Серіктестер