Онлайн газет



«ЖАСТАРДЫҢ ИГІ ІСІ»

Бурыл ауылдық округінің жастары ауылдық округте және аудан деңгейінде қоғамның қай саласында болмасын белсенділік танытып, түрлі шараларға қатысып, атсалысып келеді.
Елімізде карантин жарияланған күннен бастап округ жастары мен еріктілері округте тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылып, тұрғындарға көмек қолын соза білді. Олардың басым бөлігі «Biz Birgemiz» акциясы аясында жалғыз ілікті қарттар, мүмкіндігі шектеулі және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік себеттерін тарату, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, жұртты індеттен сақтандыруға үгіттеген жаднамалар мен көп реттік бетперделер тарату сынды игі істердің маңына топтасты.

«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» ЖОБАСЫ
Бурыл ауылында да іске асуда. Аталмыш игілікті  шараны  бурылдық жастар қолдап, ауылдағы көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен Оразымбет Джакановтың отбасына баспана тұрғызуға көмек беруде. Жалпы көлемі 13х11 метр болатын 5 бөлмелі үйдің іргетасы құйылып, бүгінде қабырғасы қалануда. Асарлатып салынып жатқан үй егесіне біреулер қаржылай, енді бірі заттай, ал келесісі қол күшімен жәрдем беруде.


Ауыл сыртындағы кіші футбол алаңшасының жүріп жатқан құрылыс жұмыстары да жастардың назарынан тыс қалмады. Көлемі 42х70 метрлік нысанның қоршау жұмыстарына жастар мен ауыл ағалары тартылды. Бұл кешеннің бүгінгі таңда 50 пайыз жұмысы атқарылып, жыл соңына дейін қолдануға беріледі деп жоспарлануда.

КӘСІПТЕН НӘСІБІН ТАПТЫ
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аудан жастары арасында кең насихатталып, өзінің жеке дара кәсібін бастаймын деушілерге мол мүмкіндіктер беруде.
Бурылдық жастар да осы мүмкіндікті пайдаланып отыр. Өткен жылы аталмыш бағдарлама аясында округтегі 35 жас мал шаруашылығы, кондитерлік сала, қолөнер мен тігін, пластик терезелер мен есіктер шығару кәсіптерін игеріп, табыс тапса, биылғы жылдың қыркүйек айына дейін тағы 40 жас бизнес ашуға ниет білдіріп отыр.
Өзінің жеке дара кәсібін ашқандардың қатарында Гаухар Абылай да бар. Ол өткен жылы қайтарымсыз грант, яғни 505 мың теңгеге қол жеткізіп, кондитерлік цехін ашқан. Ашқан кәсібінен нәсібін терген жас кәсіпкер болашақта өзінің бизнесін бұдан ары кеңейту мақсатында, қосымша мемлекет ұсынып отырған ірі бағдарламалар аясында берілетін гранттарға қол жеткізгісі келеді. Бұдан бөлек, Гаухар Бауыржанқызы кәсіпкер әрі ауылдың белсендісі ретінде қайрымдылық шараларға қатысып, демеушілік жасайды.

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Округ жастары арасында салауатты өмір салтын ұстану кеңінен насихатталып, осы бағытта ауылдық және аудандық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, жақында ауыл жастарының денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстану және спортқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Татулы ел – жарқын болашақ» атты кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Аталмыш жарысқа ауданымыздағы ауылдық округтердің атынан 14 команда қатысып, жеңімпаз атанған «Байзақ жастары» командасы жеңімпаз атанды.
Сонымен бірге округте спортпен тұрақты айналысып, жетістіктерге жеткен жастар да аз емес. Солардың қатарында Нұржан Ділдабаев пен Медет Раисов еркін күрестен облыстық және республикалық деңгейдегі жетістіктерге жеткен спортшылар.
Айта кету керек, бурыл ауылдық округі көп ұлтты болғандықтан жастар арасында ауызбіршілігі мен ынтымағын жарастырып, солардың арасында ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында өткізілетін барлық іс-шараларға өзге ұлт өкілдерінің жастары тартылып, белсенді қатысады.

Көпжасар Утельбаев,
Бурыл ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

Обновлено 12.10.2020 09:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін580
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3285
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2561
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302051

Серіктестер